«Шеврон» НУ жас зерттеушілер мен студенттерінің ғылыми жобалары байқауының жеңімпаздарына гранттар ұсынды
Жюри жас ғалымдар ұсынған 22 жобаның 12-сін таңдады, ал 10 студенттік жобаның екеуі қаржыландырылатын болды. Сонымен, 2013 жылдың ішінде грантқа ие болған 14 ғылыми жоба іске асырылатын болады. Жобаларды іске асыруға бөлінген гранттардың жалпы сомасы 48 млн. теңгені құрайды.
«Жаһандық жетекші энергетикалық компания бола тұра, «Шеврон» өз қызметін жүзеге асыратын барлық елдерде зерттеу қызметтерін көтермелейді. Қазірдің өзінде бірнеше жылдар бойы біз Қазақстанда орта мектептердің оқушыларына арналған экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бизнес жобаларға табысты қолдау көрсетіп келеміз, бірқатар техникалық жоғары оқу орындарымен бірлесіп, студенттер мен ғылыммен айналысатын жастар арасында энергия үнемдеуді және энергиямен жабдықтауды дамыту саласындағы ең үздік жобаларға конкурс өткіземіз. Назарбаев Университетімен әріптестікте тағы да бір зерттеу бағдарламасын қолдау мүмкіндігінің болуына біз өте қуаныштымыз», – деп атап өтті «Шеврон» компаниясының үкіметпен және қоғамдастықпен байланыс жөніндегі директоры Еркін Зикибаев.
Жас зерттеушілер мен студенттердің ғылыми жобалары байқауына басымдық берілген төмендегідей салалар бойынша жобалар тартылды: жаңартылған энергия көздері, ядролық энергетика саласындағы зерттеулер, плазмалық физика; нано-технологиялар және материалтану саласындағы зерттеулер; қоршаған ортаға, атап айтқанда: биологиялық, химиялық және экологиялық ортаға энергетика секторының әсерін пәнаралық зерттеу.
Зерттеулердің қолданбалы сипатына ерекше мән беріледі. Байқаудың жюри құрамына Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкерлері мен республиканың жоғары оқу орындарының профессорлары кірді.



010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz