Сұрыптау керек пе немесе жоқ па? Елорда тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды үй жағдайында сұрыптауға дайын ба?

 Назарбаев Университетінің ғалымдары  Нұр-Сұлтан тұрғындарының қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) өңдеуге деген көзқарастарын зерделеп, қалдықтарды жинау, шығару және қайта өңдеу бойынша басқарудың қолданыстағы жүйесінің жетілмегеніне қарамастан, елорда тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды үй жағдайында сұрыптап жатыр деген қорытындыға келді. Зерттеу шеңберінде өткізілген анонимді сауалнама Астана тұрғындарының ҚТҚ-ны сұрыптауға деген көзқарасын бағалауға алғашқы талпыныс болды және оның нәтижелері (мақалаға сілтеме жасайық), ғалымдардың пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласында ҚТҚ-ны тиімді басқару жүйесін әзірлеу кезінде жергілікті билік органдарына пайдалы болуы мүмкін.

 2018 жылдың сәуір айынан шілде айына дейін кездейсоқ іріктеу арқылы жүргізілген зерттеуге 18-ден 60 жасқа дейінгі әр түрлі жастағы 3281 респондент қатысты. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 24%-ы қалдықтарды фракциялар бойынша жинауға арналған арнайы контейнерлердің жоқтығына қарамастан, ҚТҚ-ны сұрыптау туралы біледі және ҚТҚ-ны жергілікті жерлерде сұрыптайды. Ғалымдар сондай-ақ отбасында жинақталатын ҚТҚ-ның күнделікті орташа санын, коммуналдық қызметтердің қызметтеріне қанағаттану деңгейін, сондай-ақ тұрғындардың қалдықтарды сұрыптау туралы хабардар болуын зерттеді.

 – ҚТҚ-ны бөлу туралы респонденттердің жауаптарына негізделе отырып, тұрғылықты аудан тұрғындарының әртүрлі қалдықтар түрлерін сұрыптауға қатысты көзқарастарының факторлары анықталды, – деп Назарбаев Университетінің Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының, Инженерия және сандық ғылымдар мектебінің қызметкері доктор Ербол Сарбасов пікір білдірді.

 Жынысы, отбасы жағдайы және жасы бойынша талдау

 Сауалнама респонденттердің 43%-ы ер адамдар мен 57%-ы әйелдер  және олардың қалдықтарды бөлуге ниет білдіретінін көрсетті. Осылайша, ерлердің 21%-ы мен әйелдердің 27%-ы қалдықтарды пәтерлерінде немесе үйлерінде өз бетінше бөлетінін айтты. Сауалнамаға қатысқандардың 63%-ы некеде тұрғандар, сауалнамаға қатысқандардың 24%-ы қалдықтарды сұрыптау жөніндегі бастаманы қолдайтынын көрсетті. Жас үлкендігіне қарай қалдықтарды сұрыптау ниеті арта түсетінін атап өткен жөн, осылайша үлкен жастағы респонденттердің шамамен үштен бірі ҚТҚ-ны сұрыптауға дайын екендіктерін білдірді.

 Тұрғындардың әлеуметтік белсенділік деңгейі

 ҚТҚ-ны басқару бойынша қазіргі кезде көрсетілетін қызметтерді бағалау нәтижелері бойынша қалалардағы респонденттердің 68%-ы ҚТҚ-ны басқару бойынша қызметтердің сапасы туралы оң пікір берді, ал қала маңындағы аудандарда бұл сан 28% – ға дейін төмендеді. Жеке үйлердегі тұрғындардың көпшілігі қала маңындағы аудандарда ҚТҚ жинау жүйесінің жоқтығын атап өтті, ал басқа қала маңындағы аудандардың тұрғындары қалдықтардың түрлеріне арналған контейнерлердің бар екендігін және коммуналдық қызметтердің ҚТҚ-ны үнемі шығарып отыратыны туралы да айтты.

Қалдықтарды бөлудің ең жоғары көрсеткіші Назарбаев университетінің жатақханаларында байқалатынын айта кеткен жөн. Себебі университет қалдықтардың бөлек жинауды белсенді түрде қолдайды, ал университет кампусының аумағында қалдықтардың  түріне арналған арнайы контейнерлер бар.

 Ынтаны қалай арттыру керек

 Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, елорда тұрғындары ҚТҚ-ны үй жағдайында сұрыптауға дайын, алайда жергілікті билік қалдықтарды жинау және шығару бойынша сапалы сервисті қамтамасыз етуі қажет. Бұдан басқа, ғалымдар мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде қосымша қысқа білім беру курстарын немесе қалдықтарды жергілікті жерлерде сұрыптау бағдарламаларын енгізу қажет деп санайды.

 Нұр-сұлтан қаласында бірнеше жеке меншік компания пластиктерді, электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын жинау және өңдеу бойынша қызмет көрсетуде. “Бұл жерде пластик тұрады” атты пилоттық жобасы аясында елордада пластикті жинауға арналған сары металл жәшіктер, қауіпті қалдықтарды жинауға арналған қызғылт сары металл жәшіктер және шыны мен металл жинауға арналған контейнерлер орнатылды.

 Өткен жылы NU Green Campus Назарбаев Университетінде докторант және эко-тренер Вероника Дашковамен бірге “жаңадан бастағандарға арналған саналы тұтыну”атты тегін авторлық оқыту курсын іске қосты.  Вероника Дашкова, кәсіби эколог, экология саласындағы PhD кандидаты барлық ниет білдірушілерді саналы тұтынудың негізгі қағидаларымен таныстырады және дүкенге экологиялық тұрғыдан келу, қалдықтарды сұрыптау және таңбалау үшін барлық қажетті құралдарды ұсынады.

Басқа жаңалықтар:

Қоқыстан балама отынға дейін: Астанада қалдықтарды қайта өңдеуді қалай ұйымдастыру керек?
Саналы тұтыну және үш R ережесі туралы