Назарбаев Университетінде магистратура бағдарламаларының дайындық жылына тіркеу ашылды.

Назарбаев Университетінде 2018 жылдың 1 ақпан мен 30 сәуір аралығында магистратура бағдарламаларының дайындық жылына тіркелу басталды. Дайындық бағдарламасында күндізгі оқу нысаны көзделеді, ол 2018ж. тамыз-қыркүйегінен басталып, тоғыз ай ішінде жалғасады, ал оқыту университеттің кампус аумағында өтеді. Тиісті талаптарға сай кез-келген адам түсуге мүмкідігі бар.

Бағдарламаның мақсаты Университеттің магистратура бағдарламаларының әлеуетті студенттердің тілдік даярлау сапасын арттыру және одан әрі  магистратура бағдарламаларында табысты оқытуын қамтамасыз ету үшін олардың ғылыми-зерттеу, коммуникативтік және басқа да қажетті дағдыларды дамыту болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін сізге келесілер қажет:

1)  www.nu.edu.kz сайтында өтініш беретін магистратура бағдарламасының қабылдау ережесімен танысу;

2) Жалпы балы — 5.5 IELTS сертификатын беру, бұл ретте тек бір критерий бойынша ғана ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес кем дегенде 5.0 немесе  TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет.

Бағдарламаны сәтті аяқталған жағдайда сіз өтінім берген және ол бойынша әңгімелесуден өткен Университеттің магистратура бағдарламасының студенттері боласыз.

Сонымен қатар, қосымша сұрақтар  бойынша nuzyp@nu.edukz электронды поштасына хабраласып, www.nu.edu.kz, www.eec.nu.edu.kz сайттарынан ақпарат алуға болады.