Регистратор офисінің семинары алғашқы рет өткізділді

2017 жылы 28–29 қыркүйек күндері Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, Алматыда алғашқы рет Регистратор офисінің семинарын өткізді.

Семинар Регистратор офисінің көрсететін қызметтің сапасын арттыруға, ондағы бизнес-процестерді оңтайландыру мен автоматтандыруға арналған. Семинардың мақсаты – кеңсе қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы және байланыстарың арттыруы үшін ортақ алаң құру, өйткені осы кезге дейін  барлық туындаған мәселелерді олар жеке-жеке шешетін болған.

Семинардың ашылу салтанатында Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Регистраторы Ребекка Картер және ҚазҰТЗУ-дың академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков құттықтау сөзін сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинарға Қазақстанның 5 облысынан 40 университеттің өкілдерінен құралған 150-ден астам  қонақтар, оның ішінде университет проректорлары қатысты. Семинар форматы ЖOO-ұйымдастырушылардың басшылығының қатысуымен жалпы панельдік сессияны және  кейіннен талқылауыменен презентациялық сессияларды қамтыды. Сондай-ақ, студенттерге арналған Banner Ellucian атты анықтамалар жүйесі өтті, онда тыңдаушылар назарына Регистратор офисінің жаңа концепциялары  ұсынылды,   қатысушылар  өз тәжірибелерімен бөлісті және жаңа жұмыс әдісінің мәселелері талқыланды.