Регенерациялық медицина және сапалы ұзақ өмір сүру мәселесі бойынша ғылыми конференция жұмысы өткізілуде

1-2 қараша күндері Астана қаласында «Регенерациялық медицина мен сапалы ұзақ өмір сүру» екінші халықаралық ғылыми конференция жұмысы өткізіліп отыр. Конференцияны ұйымдастырушы – Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығы. Конференция жұмысына Еуропа, Азия мен Солтүстік Америка елдерінен 180 ғалым қатысып жатыр.

Конференцияның ашылу рәсіміне Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Өмір туралы ғылымдар орталығы Қадағалаушы Кеңес төрағасы Алмаз Шарман, Өмір туралы ғылымдар орталығының Бас директоры Жақсыбай Жұмаділов, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының бастығы Валерий Бенберин қатысады.

«Қазіргі таңда регенерациялық медицина биомедицинада жүргізіліп жатқан зерттеулерлердің ең қарқынды әрі қызу зерттеліп жатқан салаларының бірі. Өйткені ол келешекте неврологиялық аурулар, жарақаттану мен дегенерациялық аурулар сияқты ауруларды емдеуге зор мүмкіндіктер әкелетін болады» – деп, өз алғыс сөзінде Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу атап айтқан.

«Геномика мен дербестендірілген медицина», «Сапалы ұзақ өмір сүру», «Биомедициналық инженерия, регенерациялық медицина, жасушалы технологиялар мен терапия» тақырыбындағы жинақтамалы мәжілістерінде регенерациялық медицина саласындағы алдыңғы қатарлы инновациялық жетістіктер, сапалы ұзақ өмір сүрудің ғылыми негіздеріне қатысты өте маңызды мәселелер, сонымен қатар геронтология мен биомедицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа бағыттарын әзірлеудегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту қарастырылмақ.

«Ойдағыдай өткізілген бірінші конференция жұмысының тәжірибесі көрсеткендей, өткізіліп отырған биылғы іс-шара ақпарат алмасу, ынтымақтастық орнату, идеяларды ынталандыру, сондай-ақ регенерациялық медицина мен ұзақ өмір сүру туралы белсенді дискуссиялардың туындайтын тұғырнамасы ретінде қалыптаса түсті. Екі күн ішінде толық дәрістер, интерактивтік сессиялар, ауызша баяндамалар, сондай-ақ осы ғылым саласындағы постер-презентациялар мен оқу құралдары ұсынылатын болады» – деп, Өмір туралы ғылымдар орталығының Бас директоры Жақсыбай Жұмаділов өз ойын қоса кетті.

Геномика, геронтология, биомедицина мен биоинженерия саласындағы ғалымдар мен сарапшылар Астана қаласында екінші рет жиналып, өмір туралы ғылымдар саласы бойынша соңғы тренд пен әзірлемелерді талқылауға мүмкіндік туғызады. Адам организміндегі бауыр ұйқы безінің функциясын қайта қалпына келтіру мақсатында ішперде лимфатүйіндері мүмкіндігін қолдануға қатысты зерттеу жұмыстары бүгінгі таңдағы регенерациялық медицинаның маңызды зерттеу жұмыстары болып саналады. Қатысушылардың бірнеше баяндамалары жамбас буынындағы түтікше сүйегінде орын алған мезенхимиалдық бағаналы жасушаларды зерттеуге қатысты болады. Аталған жасушаларды нүктелі жүргізу жүрек пен басқа да адам организміндегі маңызды органдарының жақсы жұмыс жасауына жақсы әсер беруі мүмкін. Геном деңгейінде организмнің жеке-дара ерекшеліктерін анықтау негізінде ауруды емдеуді оңтайландыру мен дербестендіру, жүйелі диагностика жасау, профилактика мен болжамдау жүргізу де ұсынылып отырған көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері болып табылады.

Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығы осы аталған салалар бойынша белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Назарбаев Университетінің регенерациялық медицина саласындағы жобаларының бірі болып балаларға жасанды өкпенің жасалуы саналады. Осылайша, Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдары тарапынан аталған құрылғының түрнұсқасы алынды. Ал ұзақ өмір сүру мәселесі бойынша Назарбаев Университеті 50-ден асқан адамдар арасында популяциялық зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Осы пилоттық зерттеу жұмысы Астана қаласында басталып, 500 астам елорда тұрғындарын қамтитын болады. Популяциялық зерттеу әдістемесі сауалнама, тесттер мен медициналық талдау жұмыстарынан тұрады. Зерттеу жұмысы егде қазақстандықтың жалпы бейнесін және де Қазақстандағы жас ерекшелік тенденциясын анықтауға мүмкіндік береді. Келешекте ол генетикалық бейімділік, жас ерекшелік, әдеттер мен өмір салтын, сондай-ақ отандастарымыздың сапалы өмір сүруге деген әлеуметтік және экономикалық мәртебесін анықтауға өз септігін тигізеді.

Конференцияның бірінші күнінде БАҚ-ның өкілдері үшін Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығының зертханалары бойынша ағымдағы зерттеу жұмыстарын таныстырумен пресс-тур ұйымдастырылады. Онымен қоса, қонақтар үшін Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдары әзірлеген «Нәр» симбиотикалық биопрепаратының дегустациясы ұсынылатын болады. 

01 nov_2

Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ, 53, бөлме 1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz