«Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты III Халықаралық ғылыми конференция

2014 жылғы 22-23 мамырда Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығы базасында негізгі мақсаты регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүрудің ғылыми негіздері саласындағы өзекті мәселелер мен үздік жетістіктерді талқылау болып табылатын «Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты III Халықаралық ғылыми конференция өтеді.     

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу өзінің құттықтау сөзінде: «Бүгінде регенеративті медицина жаһандық негізде белсенді дамуда. Регенеративті медицина жасушалық технологиялар, биоинженерия және ұзақ өмір сүрудің ғылыми негіздері сияқты ғылыми бағыттармен бірлесе отырып, биомедицина ғылымы саласындағы жаңа зерттеулерді дамытуға және жаңа биіктерге жетуге қарқынды күш береді. Ол халықтың денсаулығы мен сапалы өмір сүруіне тиімді әсер етеді. Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығы өткізіп отырған конференция ғалымдар, биоинженерлер және студенттер үшін тамаша сұхбат алаңын қалыптастырудың қажетті алғышартын жасайтынына сенемін. Осылайша, біз Қазақстанда ұзақ өмір сүру және регенеративті медицина салаларындағы зерттеулерді алға жылжытуға көмектесеміз»,- деп атап өтті.    

Регенеративті медицина – медициналық технологияларды эволюциялық дамытудың жаңа кезеңі. Ол регенерациялау процестері органдарында индукцияланған дің жасушаларын пайдалану және қалпына келтіру технологиялары мен тәсілдері арқылы зақымданған тіндер мен органдарды регенерациялауға негізделген. Қазақстанда биомедицина ғылымын одан әрі дамыту үшін Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығында регенеративті медицина, жасушалық технологиялар мен биоинженерия, ұзақ өмір сүру және геномика зертханалары құрылды. Болашақта, аталған бірегей зертханалар Астананың Орта-Азия өңірлерінде халықаралық биотехнология орталығы болуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты осы жылғы конференцияның негізгі ерекшелігі геронтология, регенеративті  медицина, жасушалық технологиялар саласында серпінді ғылыми жобаларды жасауға және  инновациялық зерттеулердегі халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов: «Қазақстандық ғалымдар үшін осы конференцияның ғылыми маңызы зор. Оны өткізу кең тәжірибе алмасу, халықаралық мықты байланыстарды орнату үшін маңызды қадам болып табылады және біздің елімізде регенеративті медицина мен ұзақ өмір сүру медицинасын дамытуда тиімді тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік жасайды»,- деп айтты.   

Конференцияның демеушісі Santo Member of Polpharma Group болып табылады. «Біздің Назарбаев Университетімен ынтымақтастығымыз тек нығайя бермек және бұл  конференция біздің келешектегі тығыз ынтымақтастығымыздың бастауы ғана», компанияның бас директоры Шахин Арслан деп атап өтті.

«Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты III Халықаралық ғылыми конференция болашақтың медицинасын жасайтын аты әлемге әйгілі ғалымдардың бірігуіне мүмкіндік береді.

 «Регенеративті медицина, биоинженерия және инновациялық жасушалық технологиялар»  және «Сапалы ұзақ өмір сүру және геронтология» сессияларында белгілі ғалым, профессор Роки Туан, Питтсбург университетінің (АҚШ) МакГаун институты жасушалық және молекулалық инженерия орталығының директоры және Кардиф университетінің геронтологы, профессор Дэвид Киплинг (Ұлыбритания), сондай-ақ Гданьск медицина университетінің профессорлары (Польша) – Криштоф Хлебус және Ирина Могильная қатысады. Сонымен қатар эпидемиология профессоры Мартин Бобак (Лондонның Университеттік колледжі); жұмысы биоажыратылатын және биохимиялық ыдыратуға берілмейтін биоматериалдарды, сондай-ақ  тіндік инженерия, регенеративті медицина және медициналық диагностикалау салаларындағы зерттеулерді әзірлеуге және дайындауға бағытталған Жапонияның Киото университетінің  профессоры –  Ясухико Табата сөз сөйлейді. Конференцияның жекелеген секциясы фармакоэкономикалық зерттеулерге және медициналық технологияларды бағалауға арналады. Оған Сеул ұлттық университеті мен Фудан университетінің профессорлары қатысады.

Сонымен қатар осы жылы Конференция барысында алғаш рет биомедицина және биотехнология проблемаларына арналған ғылыми жұмыстарын ұсынған 24 жас ғалым арасында байқау өткізіледі.