Қазақстанның барлық өңірлерінің орта мектептерінен келген 5 000-ға жуық мұғалімдер ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті

Екі жарым айдың ішінде Назарбаев Университеті базасында 4 897 қазақстандық мұғалімдерді ағылшын тіліне оқыту жүргізілді. Мұғалімдердің жалпы саны ішінде 2 533 – ауыл мұғалімдері және 2 364 – қала мұғалімдері.

Аталған бағдарлама үш тілдік білім беруді енгізу шеңберінде өткізілді және оның мақсаты ағылшын тілінің коммуникативтік құзыретін дамыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курс шеңберінде CEFR шетел тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық критерийлеріне сәйкес ағылшын тілін оқыту; жаратылыстану-математика бағытындағы педагогикалық кадрлардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру; педагогикалық кадрлардың пәндік териминологияны және академиялық ағылшын тілін білуі мен түсінуі, пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістерін білу сияқты міндеттер қойылды.

 Мемлекет басшысы  Н.Назарбаев: «Қазақстан халқы  бүкіл әлемде  үш тілді  пайдаланатын  жоғары білімді  ел ретінде  танылуы тиіс. Бұлар:   қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық  қатынас тілі  және  ағылшын тілі –жаһандық  экономикаға   ойдағыдай  кірігу  тілі», – деп  бернеше рет атап өткен болатын.   ҚР Президентінің бастамасы бойынша біздің мемлекет білім берудегі көптілділік тұжырымдамасын іске асыруға кірісті, өйткені көптілділік Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады. Осыған орай, қазақстандық мұғалімдерді ағылшын тіліне оқыту 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде 222 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілді.

Курс бағдарламасы үш модульден тұрады. Бірінші модуль «beginner» және «elementary» деңгейлеріндегі ағылшын  тілін жеделдетілген оқытуды қамтиды. Осы модульдің шеңберінде тыңдаушылар ұсынылған жағдаятқа сәйкес пікір айту, күнделікті қарым-қатынаста болу жағдаятында диалог жүргізу, аудиомәтіндердің мазмұнын қабылдау, қажетті ақпаратты ала отырып, түпнұсқа мәтіндерді оқу, сондай-ақ хаттарды жазу, ұсынылған тақырыпқа және ағылшын тілінің оқытылған лексикасына сәйкес сауалнамалар мен формулярларды толтыру дағдыларын дамытты.

Оқулықтар ретінде Macmillan баспасының «Straightforward» оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) пайдаланылды. Осы ОӘК жеке тәжірибеге, өз мәдениетімен және басқа елдердің мәдениетімен танысуға, өзін-өзі тану және өз қабілетін көрсете білу дағдыларын меңгеруге бағытталған. Оқулықтардың артықшылығы талқылауға ұсынылған тақырыптардың өзектілігі, қызықты фактілер мен мәтіндердің мазмұны, ағылшын тілінде сөйлейтін адамдармен әңгімелесу болып табылады. 

Екінші модуль ағылшын тіліндегі пәндердің мазмұнды бөлігімен, атап айтқанда, «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология» пәндері бойынша пән терминологияларын және академиялық ағылшын тілін зерделеумен ұсынылған болатын. Осы модуль үшін «Биология», «Химия», «Физика» пәндері бойынша ОӘК «Core», сондай-ақ «Информатика» пәні бойынша тұтастай алғанда ағылшын тіліндегі пән терминологиясы білімін және академиялық ағылшын тілі дағдыларын жақсартуға ықпалын тигізген «Cambridge IGCSE» таңдап алынды.

Үшінші модуль Назарбаев Университетінің оқытушы-профессорлар құрамының бейне лекциялары арқылы оқытудың заманауи тәсілдеріне оқып-үйретуді қамтыды. Осы модульді оқыту барысында тыңдаушыларға лекциялар мен тиісті материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған болатын. Әр лекциядан кейін интерактивті сессиялар өткізілді, оларды өткізу барысында тыңдаушылар жаттықтырушыға лекцияның мазмұны бойынша сұрақтар қойды және оларды топтарда  талқылады.

Мұғалімдерді ағылшын тіліне оқыту бағдарламасына бірінші модуль бойынша сабақ өткізген 307 жаттықтырушы және екінші модуль бойынша 217 жаттықтырушы қатысты.

Курстың аяғында 4897 мұғалім ағылшын тілін А2 деңгейінде меңгергенін растаған қорытынды тестілеуді ойдағыдай тапсырды. Курсты бағалау құралдары тілдік және пәндік тестілерді, сондай-ақ зерделенген материалдардан алынған мысалдармен және педагогикалық тәжірибемен толықтыру қажет болатын белгілі бір тақырып бойынша эссе жазуды қамтыды. 

4 897 мұғалім Қазақстанның барлық облыстарында және республикалық маңызы бар қалаларда ағылшын тілін оқып үйренуден өтті: Астанада – 261 тыңдаушы, Алматыда – 157 тыңдаушы, Алматы облысында – 495 тыңдаушы, Ақмола облысында – 276 тыңдаушы, Павлодар облысында – 228 тыңдаушы, Қарағанды облысында – 166 тыңдаушы, Ақтөбе облысында – 430 тыңдаушы, Маңғыстау облысында – 152 тыңдаушы, Атырау облысында – 180 тыңдаушы, Батыс Қазақстан  облысында – 214 тыңдаушы, Солтүстік Қазақстан облысында – 233 тыңдаушы, Шығыс Қазақстан облысында – 295 тыңдаушы, Оңтүстік Қазақстан облысында – 890 тыңдаушы, Жамбыл облысында – 355 тыңдаушы, Қызылорда облысында – 304 тыңдаушы, Қостанай облысында – 261 тыңдаушы.