Қазақстандық жоо 21-ғасырда қандай болуы тиіс?

ҚР Парламентіне қамқоршылық, бақылаушы кеңестердің жауапкершілігін арттырумен бірге барлық ЖОО-лардың дербестігін көздейтін заң жобасы енгізілді. Осы құжат көбінесе Назарбаев Университетінің тәжірибесін есепке алады. ЖОО тәжірибесін трансляциялау бұл Жоғары  білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумының тұрақты тақырыбы.

Биыл ол өз жұмысын 31 мамырда  Назарбаев Университетінің қабырғасында бастайтын болады. Конференция шеңберінде жетекші қазақстандық және шетелдік ЖОО басшыларының, әйгілі ғалымдардың, оқытушылар мен студенттердің, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізіледі. Назарбаев Университеті жұмысының үлгісінде шетелдік әріптестердің көмегімен құрылған жаңа үлгідегі ЖОО-ның модельдері қаралатын болады. Осы модельді әзірлеу кезінде ең үздік болса да,  шетелдік тәжірибені қарапайым түрде көшіріп алу болған жоқ.

Бүгінгі күні Пенсильвания университетімен, Кембридж университетімен және әлемнің басқа да үздік ЖОО-ларымен бірге жаңа оқу бағдарламалары жасалуда және жаңа оқыту әдістері әзірленуде. Алдағы форум туралы толығырақ  «Қазинформ» ХАА сайтынан оқыңыздар.