Қазақстандық студенттердің электромобилі Сингапурды табындырды

Назарбаев Университетінің Технопаркінде “NU Team” бірегей ультра-энергиялық тиімді автомобильді құрастыру бойынша бірнеше айға созылған қызу жұмыстан кейін олар өз машинасына әлемдегі ең беделді студенттік жарыстардың бірінде сынақ жүргізді. Автомобильді Инженерия, Ғылымдар және Технологиялар, Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар  Мектептерінің студенттері жобалады және құрастырды. Біздің жас және дарынды инженерлер Сингапурдағы  “ShellEco-MarathonАsia 2018” байқауында Электрлік батареямен жүретін электромобиль прототипі санатында 26-дан 13-орын алды!

ShellEco-Marathon бағдарламасының Азиялық кезеңі 8-11 наурыз аралығында «MaketheFutureSingapore» идеялар мен инновациялар төрткүндік фестивалінің шеңберінде өтті. Әсерлі жарыста Азия-Тынық мұхит өңірі және Таяу Шығыстың 18 елінен 120 студенттік команда өздерінің энергиялық тиімді автомобильдерін сынады.

NU Team автомобилі техникалық инспекциядан табысты өтіп, тек энергиялық тиімділігін ғана емес, сонымен қатар жүргізушінің шеберлігін көрсетті. Автомобильдің футуристикалық дизайны және оның жүргізушісі Тамила Таласбаева БАҚ-ның назарында болды. Команда жүргізудің түрлі тактикасын қолданды және әркез энергия тұтыну көрсеткіштерін жақсарта білді.

Бұл жоба студенттерге техникалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ басқару және менеджмент саласында тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Қатысушыларға Shell in Kazakhstan, Nazarbayev University, NURIS және Nazarbayev University Social Development Fund үлкен қолдау көрсетті. NU Team-ның жарысқа қатысуы студенттердің келесі буынына жол ашты.

Біз NU Team-ды марафонды табысты өтуімен, осындай ауқымды шараға қатысуымен, сондай-ақ — Сингапурдағы “Shell Eco-Marathon Аsia 2018” халықаралық байқауында Қазақстан Республикасын таныстырған студенттер командасы деген құрметті атағымен құттықтаймыз!

Қосымша сурет пен видео >>