Қазақстандық экономист-ғалым қаржылық дағдарыс туралы кітабын ұсынды

Автор өз шығармасында 2008 жылғы әлемдік қаржылық дағдарыстың пайда болу себептерін,оның Қазақстан экономикасына ықпалын айқындап, әлемнің озық елдерінің, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы қолданған шараларына талдау жүргізді. Өз шығармасында автор әлемнің озық елдері мен Қазақстанның экономикасындағы ахуалға зерттеу жүргізген кезде ескерілетін әлемдік қаржы дағдарысының маңызды жақтарына зерттеу жүргізді. Автор құбылмалы әлемнің ерекшеліктері мен заңдылықтарын ескере отырып, Қазақстанның экономикасын жаңғырту және әртараптандыру мәселесіне айрықша назар аударады.

Арыстан Есентүгелов экономикалық ғылымдар докторы, профессор, «Аймақтық жоспарлауға жүйелік талдау», «Нарықтық экономика – Қазақстанның таңдауы», «Қазақстан экономикасындағы институттық-құрылымдық қайта құрылулар» атты кітаптардың авторы. Сондай-ақ экономикалық мәселелер жөніндегі 200-ден астам ғылыми еңбектердің, монографиялардың, кітаптар мен мақалалардың авторы.

Жобаның модераторы әйгілі экономикалық аналитик, «Ұлттық талдамалық орталық» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Жаннат Ертілесова болып табылды. Кітаптың тұсаукесеріне Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен озық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Ұлттық талдамалаық орталығы – Назарбаев Университетінің еншілес ұйымы болып табылады. Ұйымның миссиясы: мемлекеттік органдардың және «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының қызметін талдау жолымен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115
+7(7172)706087, 706091, 706089
pressa@nu.edu.kz