Қазақстандағы халықаралық білім

Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің студенті Диас Арғандықов Павлодарда туып-өскен. Мектеп бітірген соң ол Ресейдің бірнеше ЖОО-ларына оқуға түсуге мүмкіндік алды. Бірақ барлығын ақылға салып, ойланған соң өз елінде,  Назарбаев Университетінде халықаралық сапалы білім алу туралы шешім қабылдады. Оқу барысында Диас Арғандықов АҚШ, Франция және Австралия университеттерінде үш тағылымдамадан өтті. Сол жерлерде жүрген кезде  Диас Астанадағы алып жатқан білімінің шетелдік білімнен кем еместігіне көз жеткізді.