Қазақстанда «Global Impact Competition» атты конкурс тұңғыш рет ұйымдастырылды және оның жеңімпазы АҚШ-тағы NASA ғылыми паркінде тағылым және тәжірибе алуға аттанды

Ағымдағы жылдың сәуір айында Сингулярити Университетінің   қолдауымен (Singularity University) Глобальды Үлес Конкурсы «Global Impact Competition» Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылды. Конкурс жас зерттеушілерге АҚШ-тағы силикондық алқапта орналасқан NASA ғылыми паркінің әлемге әйгілі ойшылдарынан тағылым алуға мүмкүндік береді. Аталған конкурсты Сингулярити Университеті жыл сайын бүкіл әлем бойынша өткізеді, оның басты мақсаты – техникалық ғылымдар саласындағы дарынды мамандарды іріктеп алу. Университет миссиясы – қарқынды дамып келе жатқан технологиялық жетістіктерді пайдаланып адамзат алдында тұрған маңызды проблемаларды шешуге атсалысқан ғылыми зерттеушілерді біріктіру, оқыту және шабыттандыру болып табылады.

Аталған конкурс Назарбаев Университетінің мектептері мен зерттеу орталықтарында бір жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген жас зерттеушілер мен оқытушылардың ассистенттері арасында жарияланған болатын. Конкурсқа қатысу шарты бойынша жас ғалымдар алдағы онжылдықтарда миллиардтаған адамдардың өмір сапасының дамуына ықпал ететін идеяларын ұсынуға тиісті. Қазылар алқасы финалға өткен қатысушылармен сұхбат өткізді.

Конкурсқа қатысушылардың мақсаты – тұсаукесерін жасап, технологиясын суреттеген идеялары мен технологияларының Сингулярити Университетінің негізінде нақты қалай іске асырылатынын көрсету. Конкурстың шарты бойынша үміткерледің идеялары жоқшылық, денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, қоршаған орта, энергетика саласы сынды адамзаттың көкейтесті тақырыптарымен байланысты болуы міндетті. Жеңімпаз Сингулярити университетінде Graduate Studies Program (GSP) бағдарламасы бойынша 10 апталық оқу грантын иеленеді және миллиондаған адамның өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін идеясын іске асыруға мүмкүндік алады.

Қазақстандықтар арасынан Global Impact Competition конкурсының жеңімпазы болып Nazarbayev University Research and Innovation System Жеке мекемесінің кіші ғылыми қызметкері Дамел Мектепбаева атанды. Кәзіргі уақытта Дамел ангиогенез индукциясында бағаналы жасушаларды қолданатын жоба бойынша жасушалы технология зертханасында еңбек етуде.

Жеңімпаз туралы мағлұмат ұйымдастырушының ресми сайтында жарияланды –http://gic.singularityu.org/kazakhstan

Барлығы 2014 жылы Сингуларити университетінің бағдарламасын 80 елдің жеңімпазы  тәмәмдайтын болады. Оқыту бағдарламасына семинарлар, практикалық сабақтар, пікірталас, сондай-ақ, спартаптар мен ірі технологиялық компаниялардың зертханалары мен кеңселерін аралау кіреді.

Graduate Studies Program дәріс берушілері мен щақырылған ораторлары, бұл – атақты сарапшылар, үздік кәсіпкерлер және өз еңбектерін ғаламдық мәселелерді шешу үшін дамушы технологияларды қолданып жүрген танымал жетекшілер. 

apkecm.nu.edu.038946