«Қазақ тілін оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе» семинар

Назарбаев Университеті мен Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының ұйымдастыруымен Қазақстан  жоғары білім беру саласында қазақ тілін оқыту мәселелеріне арналған «Қазақ тілін оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар жұмысы жоғары оқу орындарында тілді оқытуды студенттердің коммуникативтік құзіреттіліктерін жетілдіретіндей жаңаша бағытта ұйымдастырудың жолдарын қарастыруды мақсат етті және сол мақсатына толық жетті деуге болады.  Семинар интеллектуалды  ұлт қалыптастырудағы қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың орны, жоғары білім беру саласында қазақ тілін екінші және шет тілі ретінде оқыту, әліпби мәселесі, мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдістері, ғылыми тұрғыдан тілді оқытудың жаңа парадигмаларын қарастыру, студенттердің сыни тұрғыдан ойлау және жазу дағдыларын дамыту бағыттарында жұмыс істеді. Ғылыми-әдістемелік  семинарда қазақ тілі мен әдебиетінің  өзекті  мәселелері бойынша белгілі ғылым докторлары, профессорлар баяндама жасап, семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптарын өткізді.

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТӘЖІРИБЕ»  атты  республикалық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысы бекітілген бағдарлама бойынша толық жұмыс істеді.

Семинарға тіркелген қатысушылардың саны бойынша мәлімет:

• Тіркелген қатысушылар саны – 125

• Қатысушылар саны – 104

Қатысушылардың аймақтық қамтылуы: Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау.

Семинарға қатысқан ЖОО және ұйымдар:

• ҚМЭБИ;

• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

• Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті;

• Абай атындағы ҚазҰПУ;

• Еуразия гуманитарлық институты;

• Тұран-Астана университеті;

• Түрік академиясы;

• С.Торайғыров атындағы Павлодар университеті;

• Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;

• Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты;

• Қазақ-Америка университеті;

• Сүлейман Демирел университеті;

• С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;

• Қаржы полициясы академиясы;

• С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті;

• Д.А.Қонаев университеті;

• «Haileybury Astana»;

• Қазақ гуманитарлық заң университеті;

• Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

• Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты;

• Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;

• Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті;

• Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы;

• «Ойсана» Павлодар оқыту орталығы;

• ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы;

• Тілдарын» тілдерді  оқыту инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы.

Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасы