Профессор Илайджа Кехиндені еске алу

Біздің досымыз және әріптесіміз, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің хирургия профессоры, профессор Илайджа Кехинде, сондай-ақ оның жұбайы Доктор Фунми Кехинде және олардың екі қызы Моджоин және Грейстің  14 шілде күні көз жұмғаны туралы терең күйзеліспен хабарлаймыз.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша, олар пәтеріндегі өрттің салдарынан және кейіннен иісті газбен уланудан қаза болған. Билік тарапынан бұл қайғылы оқиғаның себептерін егжей-тегжейлі тергеу жалғасуда.

Біз Нигерия, Ұлыбритания және АҚШ-тағы  профессор Кехинденің отбасына көңіл айтамыз. Сондай-ақ, Илайджаның достарына, әріптестеріне, пациенттеріне, оқушылары мен жолдастарына көңіл айтамыз.

Профессор Кехинде медицина Мектебінде 2016 жылдың маусым айынан бастап жұмыс істеді. Бізбен жұмыс істеген бір жыл ішінде ол оқытушы, зерттеуші, академиялық адалдықтың жақтаушысы ретінде, сондай-ақ, қайырымды, қамқор, адал және өте ақылды хирург ретінде үлкен беделге ие болды.

Илайджа өз отбасын, әсіресе өзінің өте мақтан ететін төрт қызын жанындай жақсы көретін. Өткен жылы ол алғаш рет ата болғанына қатты толқып,  бақытқа бөленген еді.

Ол өзінің жұмыстан тыс уақытында бүкіл әлем бойынша көптеген медицина мамандары үшін тәлімгер болды.

Илайджа Нигерияда дүниеге келген, оқуын Ибадан университетінің Медицина мектебінде бітірген, содан кейін Лондон Университетін үздік бітіріп, урология бойынша диплом алған. 1990 жылы Илайджа Корольдік хирургтар колледжінің (Лондон) сертификатына ие болды және Нигерия Медициналық хирургтар колледжінің стипендиаты болды. Ол 1998 жылы Лестер Университетінде, Ұлыбритания медицина докторы дәрежесін алды.

Оның көрнекті медициналық мансабы оны Нигериядан Ұлыбританияға, кейінірек, Оман және Кувейтке, содан кейін Қазақстанға алып келді. Өзінің барлық академиялық, зерттеу және клиникалық мансабында Илайджа басшылық қызметтерде болды.

Қазақстанда жаңа адам ретінде Илайджа көптеген әріптестерін оның қазақ тіліне қызығушылығымен таң қалдыратын. Ол қазақ тілін үйрену үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырысатын. Ол күлкісімен де, өзін-өзі аяусыз жазғыратын әзілімен де барлық тілдік және мәдени бөгеттерді бұзып адамды  өзіне тартып тұратын.

Оның қарапайымдылығы мен сабырлылығы кәсіби өмірінің ұстанымын айқындады және оған өзінің қазақстандық әріптестерімен, науқастармен, студенттермен және оның шіркеу қауымымен шынайы байланыс орнатуына көмектесті.

Осында, Астанада, Илайджа шіркеудегі қарым-қатынас топтарының белсенді қатысушысы болды. Ол болған көптеген отбасыларында, өзінің кішкентай балалар мен қарт отбасы мүшелеріне құрметімен және сыпайылығымен жақсы таныс болатын.

Элайджаның Қазақстанға келуіне оның “басқалармен бірге, әлемдік деңгейдегі медициналық мектеп, обырды зерттеу орталығын және беделді клиникалық аурухана қалыптастыруға көмектесу ” мансабы мақсатын алдына қойғаны себеп болды.

Өз мансабында ол көптеген ғылыми гранттарға ие болды және бірнеше рет өзінің интеллектісі, адалдығы, оқытушы және хирург ретінде тәжірибесі үшін танымал еді. Осыған қарамастан, ол әрқашан өзінің жетістіктеріне қатысты қарапайым болатын және басқалардың жетістіктерін атап көрсетуді ұнататын.

Назарбаев Университеті марқұмды еске алу рәсімін кампус аумағында өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Университет біздің академиялық қоғамдастыққа Илайджаның қосқан қысқа, бірақ, аса көрнекті үлесін құрметтеудің басқа да жолдарын қарайтын болады.

Марқұмды еске алу рәсімі бойынша мəліметтерді оның отбасы мүшелерімен кеңескеннен кейін толығырақ хабарлайтын боламыз.

Бақұл бол, Профессор Илайджа Кехинде.

Профессордың бірегейлігі, оның керемет интеллектісі, қарапайымдылығы мен әдемі әзілі өзінің барлық әріптестері, студенттері, қызметкерлері және бүкіл әлем бойынша көптеген достарының жүрегінде сақталатын болады.

Кез-келген сұрақтар бойынша +7(7172) 706090, 706091, 708954 телефондары арқылы pr@nu.edu.kz электрондық пошта бойынша Коммуникация және маркетинг департаментіне хабарласыңыз.