Питтсбург университетінің медициналық орталығы Қазақстанда ғылыми онкологиялық орталық құруға жәрдемдеседі

Бүкіл әлемдегі халықаралық беделі негізінде, обырды емдеу және зерттеудін озық әдістерінің болуымен, UPMC Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу және зерттеу бойынша ұлттық орталықтың дамуына байланысты, техникалық-экономикалық негізділігін дайындау үшін Назарбаев Университеті таңдалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың қаңтар айында Еуразия елдері және республиканың азаматтары үшін обырды емдеу және зерттеу бойынша ең озық орталықты елімізде ашу жоспарын баяндады. Қазақстанда жыл сайын обыр ауруымен ауыратын 30 мыңнан аса жағдай анықталады, әрі олардың көбі обыр ауруының соңғы сатысымен диагностикаланады.

Назарбаев Университеті басшылығымен ұлттық онкологиялық зерттеу орталығы өзіне 300-400 төсек- орнын, амбулаторлық емдеу қызметін, ғылыми-зерттеу зертханасын және қонақ үй кешенін енгізеді.

«Қазақстан Республикасында обырды емдеу және зерттеу бойынша әлемдік деңгейдегі орталықты құру басты ұлттық артықшылықтың бірі болып саналады. UPMC-пен серіктестік біздің мүмкіншілігімізді кеңейтеді және Қазақстандағы көптеген отбасына көмек көрсетуге, Еуразияда обыр ауруымен күресуге мүмкіндік туғызады. Назарбаев Университетінің мақсаты- әлемдегі емдік озық әдістердің мүмкіншілігін біздің халқымызға жеткізу»,-деді Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу.

UPMC және Назарбаев Университетінің арасындағы консультациялық келісімге сәйкес, UPMC Қазақстанға қажетті онкология бойынша қызметтің, сонымен қатар, Астанада ұлттық онкологиялық орталық құрылысының негізділігін бағалауды өткізеді. Орталық UPMC іс-тәжірибесін, табысты біріктірілген емдеуді, UPMC-тегі CancerCenter және батыс Пенсильвания, Ирландия мен Италияның 35 өкілдіктеріндегі зерттеу мен медициналық білімді қолданатын болады. Питтсбурга (UPCI) Университеттің обыр институтымен серіктестікте тек Ұлттық обыр институты батыс Пенсильванияда обырды емдеудің озық орталығы болып саналады, UPMC CancerCenter әлемдік клиникалық тәжірибеде ғылыми жетістіктерді шұғыл енгізеді.

«Бұл келісім клиниканың кеңейтілген жүйесі арқылы пациенттердің жеңіл қолжетімділігін қамтамасыз ететін обырды жоғары сапалы емдеуді ұсынатын, докторлар мен қызметкерлердің әлемдегі мінсіз беделіне көңіл аудартады »,- деді UPMC CancerCenter және Халықаралық және коммерциялық қызмет жөніндегі UPMC бөлімінің президенті Чарльз Богоста (Charles Bogosta), -Біз, мұның Қазақстан Республикасы Үкіметімен және халқымен ұзақ та позитивті ынтымақтастықтың алғашқы қадамы екендігіне сенеміз. Обырды емдеудің ең жоғары үлгісіне сәйкес дайындалған, ең озық технологияға қолжетімділікті қамтамасыз ететін, жаңашылдық зерттеу және экономикалық даму үшін катализатор ретінде қызмет ететін біздің жобаның орындалуын асыға күтеміз».

Осы уақытта ол бұл келісім барлық өз пациенттеріне арналған емдеудің жақсы нәтижелерін алу және денсаулық сақтау жүйесін бекіту үшін бүкіл әлем бойынша ғылыми білімдерімен инновациялық тәжірибе алмасу бойынша UPMC стратегиясының жалпы бөлігі болып саналады.

Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының Төрағасы, медицина ғылымының докторы Алибек Кеннет Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру жөніндегі жұмысшы тобына басшылық етті.

UPMC пен Назарбаев Университет арасындағы қаржылық шарттар жарияланбайды.

UPMC туралы:

UPMC бұл денсаулық сақтау саласындағы 10 млрд. АҚШ доллары бюджетімен, құрамында 55 000 қызметкері бар, Питтсбургтегі штаб-пәтерімен, Пенсильвания штаты, АҚШ-тағы ғаламдық компания. UPMC жүйесіне 20 клиника, 400 дәрігерлік кеңсе және амбулаториялар, сонымен қатар медициналық сақтандыру қызметін, халықаралық және коммерциялық қызмет көрсету бойынша бөлімшелері кіретін ғаламдық компания. Питтсбург Университеті медицина мектебінің аффилирленген ұйымы бола отырып, UPMC технология мен медицинаның инновациялық әдістерін қолданатын және пациенттерге медициналық көмектің жауапты, экономикалық тиімді және жаңа модельдерін ойлап табатын , денсаулық сақтау жүйесін дамытады. UPMC медицинада немен айналысады және оны қалай көруге болатындығы туралы қосымша ақпарат алу үшін UPMC.com.-ға өтіңіз.

Назарбаев Университеті туралы:

Назарбаев Университеті Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет болып табылады. Осы бастаманы іске асыруда Президент, еліміздің келешегінің индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосуға қабілетті, ұлттық техникалық және ғылыми элитаның келесі ұрпақтарын дайындау бойынша сапалы құлшынысты қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Университеттің көрінісі зерттеу қызметін, білім беруді және ұлттық экономиканы дамытуды қалыптастыру мақсатында жоғары халықаралық үлгілерге сәйкес түлектерді дайындаудан көрінеді. Назарбаев Университеттің борышы – Қазақстан Республикасында білім беру және ғылыми зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік туғызатын, сонымен қатар, зерттеу және білім беру ретінде Еуразия орталығы Астананың болуын қалыптастыру.

http://www.upmc.com/mediarelations
www.nu.edu.kz