Physical Review Research физика кафедрасы ғалымдарының зерттеу нәтижелерін жариялады

Магистратураның екінші курс студент-физигі Тілек Жұмабектің “Жарықты  ерікті түрде жіңішке қуыстарда ұстап тұру” атты мақаласы 1893 жылдан бастап американдық физикалық қоғам шығарған Physical Review Research журналында жарияланды. Мақалада автор профессор Валагианнопулоспен бірге жарықтың нанометрлік кеңдікте құрылымдалған жасанды материалдармен сіңуін теориялық тұрғыдан зерттейді.

Зерттеудің мақсаты алтын, платина, алюминий, мыс, күміс сияқты әртүрлі негізгі материалдарды сынау және ең кең қуыспен жұмыста тамаша сіңіруге қол жеткізу үшін өте жұқа материалдардың оңтайлы параметрлерін табу болды. Осылайша, авторлар барлық кіретін күн энергиясын ұстап тұратын материалдарды жасауға тырысады. Зерттеу барысында алюминий өндірістік ақауларға ең жоғары тұрақтылықты көрсететіні, ал платина нашар сипаттамаларды көрсететіні анықталды.

Өз зерттеулерінде мақала авторлары жылуды түрлендіру, оптикалық зондтау, жарықты модуляциялау және анықтау саласында кең ауқымды қолдануға болатын жасанды интеллект элементтері бар құрылымды қажет ететін, болашақ қондырғылар үшін ең перспективті фотонды наноматериалдарды болжау үшін аналитикалық және сандық әдістерді қолданды.

“Біз қаншалықты жұқа болса да, жарық түсіруге қабілетті, қарапайым қабатты құрылымдарды анықтаймыз. Пленкадағы сәуленің тиімді ұзындығы оптикалық осьтің дұрыс иілуіне байланысты шексіз артады, сондықтан түсетін толқын қуыстан шықпас бұрын қабаттар арасында шексіз ұзақ уақыт шағылысуға мәжбүр болады. Біздің әзірлемелерімізді фотоэлектрлік элементтер мен фотондық схемалардан бастап фотондық сигналдық процессорлар мен смартфондарға дейін, оптикалық қондылғылардың кең спектрінде қолдануға болады”, – деп атап өтті профессор Валагианнопулос.