Өмір сүруге болатын кітапхана

Қазақстанда алғаш рет. 24/7 Кітапхана.

Енді кітапхана қол жетімді және жайлы болды. Жалпы ауданы 10.000 шаршы метрді құрайтын жаңа залдар мен бөлмелер НУ қауымдастығына керемет мүмкіндіктер ұсынады. Пайданушылар үшін төрт жаңа зал 24/7 режимінде жұмысын істейді: Science Room, Astana Room, Aliya room, Quiet Room – Қазақстанның бірде-бір кітапханасында мұндай жоқ. Сонымен қоса, көп ұзамай кофемашинаны іске қосуға уәде етеді.

Жаңадан іске қосылған инфрақұрылымға компьютер залдары, мультимедиа залдары, топтық және жеке оқу сыныптары, инклюзивті білім беру үшін жабдықтар, конференц-зал, аудио-визуалдық студия, визуалдық коммуникациялар залы және т.б. кіреді. Кішкентай оқырмандарға ерекше көңіл бөлінеді, балалар залында жақында жиһаз және ойын аймақтары пайда болады. Және ерекше мақтанышымыз – инновациялық релакс-демалыс пен ұйықтауға арналған аймақтары бар бөлме.