Назарбаев Университеті және «Самұрық-Қазына» цифрлық технологиялар мен инновациялар саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіреді

Назарбаев Университеті және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойды. Университет мемлекеттік компаниямен қазіргі серіктестікті нығайтуға және цифрлық технологиялар, адами капиталды дамыту және инновациялар саласында одан әрі ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіруде.

Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу қол қою рәсімінде атап өткендей, өмір бойы білім беру тұжырымдамасы қоғамда өзекті болып табылады. «Самұрық-Қазына» қоры мен Назарбаев Университеті қазақстандық қоғамда осы бағытта бірлесіп жұмыс істеп, көптеген оң өзгерістерге қол жеткізе аладыі.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін Назарбаев Университетінің түлегі Елдана Бақытжан салтанатты шараға қатысушылар алдында сөз сөйледі. Елдана «Самұрық-Қазына» қорының «Digital Summer» бағдарламасына сәтті қатысып, бағдарламаның нәтижесі бойынша компанияға жұмысқа шақырылды.