НУ түлектері: Мен «Сергек» жүйесімен жұмыс істеймін

Біз түлектеріміздің жұмыс берушілерімен сұхбаттасу сериясын жалғастырамыз. Жобаға KPMG мен Қазцинкте жұмыс жасайтын Назарбаев Университетінің түлектері қатысты. Біздің жобаның келесі кейіпкерлері – «Көркем Телеком» компаниясының қызметкерлері – «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесін жасаушылар.

«Сергек» жүйесі туралы көп жазылады: оларды айыппұл төлеуге мәжбүр етеді жамандайды немесе автокөлік жүргізушілерінің жүргізу мәдениеті пайда болды деп мақтайды. Бұған цифрлардың көрсеткіштері –  жүйенің елордада жұмыс істеген бірінші жылында жол көліктеріндегі өлім-жітімнің 43%-ға азаюы және қоғамдық орындардағы қылмыстың 38%-ға төмендеуі дәлел болып табылады.

Алайда, компанияның «Ақылды қала» бағыты бойынша басқа да қызықты жобалары бар –  интеллектуалды көлік жүйесі, қауіпсіз аула, ақылды шлагбаум, экометеорологиялық датчиктер және басқалар. Біздің төрт сұхбаттасушымыз – компанияның директоры Әсет Ахметов; HR-директор Ахметова Дания ханым; Назарбаев Университетінің екі түлегі Орал Уағаз (Роботтехника және Мехатроника) және Рауан Сағидолла (Экономика).

Әсет Ахметов, компанияның директоры

– Сізде қандай қызметкерлер табысқа қол жеткізеді? Сіздің компанияңызда жақсы жұмыс істеу және алға жылжу үшін қандай қасиеттер маңызды?

– Біздің компанияның басты үш құндылығы: тиімділік, топтық жұмыс және даму. Бұл ретте ұжымдағы өзара қарым-қатынастар өте маңызды. Біз бірдей толқын ұзындығында болуға тырысамыз. Бәсекеге қабілетті компания болу және армандаған өнімді жасау үшін барлық топ мүшелері кәсіби деңгейде болуы және бір-бірімен тіл табысуы керек. Біз адамдардың өз ісінде  үздік болуға деген ұмтылысын, озық идеялармен және технологиялармен тәжірибе жасау қабілетін, өсудің жаңа нүктелерін ашуын, нәтижеге қол жеткізудегі белсенділігін және шешім қабылдаудағы жауапкершілігін бағалаймыз. Әркім басқаларға жеке үлгі болып, компанияның мақсаттарына жетуге шабыттандыруы керек.

– Компанияның мәдениетін қалай сипаттайтын едіңіз?

– Біздің компания қоғам мен еліміздің бір бөлігі болып табылады. Біз жоғары этикалық стандарттарды сақтауға тырысамыз. Біздің қазіргі және болашақ қызметкерлер үшін біз ұзақ мерзімді перспективада тартымды орындар мен прогрессивті еңбек жағдайларын жасаймыз. Біздің команда өз ісінің кәсіпқой шеберлерінен құралған. Мақсаты еліміздің ІТ-қауіпсіздігі болып табылатын IT-егемендіктің Қазақстанда пайда болуы біз үшін өте маңызды. Сондықтан біз өз командамыздың құрамына қазақстандықтарды таңдап, жергілікті технологиялар мен әзірлемелерді қолдануға тырысамыз.

– Сынақ мерзімі ішінде жаңа қызметкерден қандай нәтиже күтесіз?

– Кез-келген қызметкердің, ол «жаңа» немесе «ескі» болсын, жетістікке жетуінің кілті – тиімділік  пен қажырлы еңбек. Өз жұмысына «құштар» жігіттер ғана жетістікке жете алады. Hard skills (қиын дағдылар) сөзсіз маңызды, бірақ сандық өлшемдермен өлшеуге қиын болатын жеке қасиеттер (soft skills) біз үшін өте маңызды. Бұл дегеніміз – коммуникативтік дағдылар, ұжымда жұмыс істеу қабілеті, шығармашылық және жауапкершілік сияқты әлеуметтік, зияткерлік және ерікті құзыреттер.

– Міндеттерді атқарып, алға жылжу үшін қандай қасиеттер қажет?

– Бұл тұста қызметкердің ынтасы мен ұмтылысы өте маңызды. Кейбіреулер үшін бұл материалдық болуы мүмкін және бұл, негізінен, жаман емес, біреу үшін өзін-өзі жүзеге асырудың өршіл мақсаттары болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда адам бір нәрсені қатты қалауы керек. Ол бірдеңені білмесе де, үлкен ниетпен оны үйренуге тырысады, уақыт табады және «тауларды орнынан қозғайды».

Дания Ахметова, HR-директор

– Мінсіз үміткер қандай болуы керек?

– Әңгімені адамдардың мінсіз болмайтынынан бастасақ болады. Бірақ! Кез-келген бос орын үміткерге қойылатын талаптарды көрсететін өтінімнен басталады. Барлық жалдаушылар жұмыс берушінің үмітін ақтайтын «мінсіз үміткерді» табуға тырысады. Сұхбаттасу кезінде әртүрлі жағдайлар жиі туындайды. Мысалы, өтініш берушілердің бірінің қажетті салада үлкен тәжірибесі бар, ал екіншісінің 10 жылдық тәжірибесі жоқ, бірақ сәйкес құзыреттерге ие болады.

Кез-келген жұмыс беруші өз командасында жақсы білімі бар адамды көргісі келеді. Бұндай адам тез үйренеді, адамдармен тез тіл табысады, бастамашыл және белсенді болады. Ол топта қалай жұмыс жасауды біледі, жаңа жағдайларға тез бейімделеді, көмектесуге дайын, жауапкершілікті сезінеді, әдептілікпен, ақылдығымен, әзіл-қалжыңымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, оның денсаулығы өте жақсы, ол шұғыл іссапарлар, жұмыс күндері және демалыс күндеріндегі жұмыс туралы хабарларды алуға қуанышты болады. Бірақ біз білетіндей, мінсіз адам жоқ, сондықтан жағдайды және нақты істі басшылыққа алу қажет.

– Рекрутинг менеджерлері үміткер туралы не білгісі келеді? Түлектерге қандай сұрақтар қойылады?

– Түлекке жаңа жұмысқа орналасу үшін мінсіз болу қажет емес. Сұхбат нәтижесі қарым-қатынас жасау қабілетіне және жауаптардың анықтығына байланысты болады. Егер сіз бірдеңені білмесеңіз, оны мойындай біліңіз. Бұл қорқынышты емес. Жас мамандармен сұхбат барысында рекрутерлер жұмсақ дағдыларға, қызығушылықтарға, амбицияларға және практикалық тәжірибе жинауға деген ұмтылысқа назар аударады.

– Түлектердің әңгімелесу кезінде жіберетін негізгі қателіктері қандай?

– Біріншіден, толқу және өз-өзіне деген сенімсіздік білдіру. Көбінесе, түлектер бейтаныс адамдармен байланысқа түсіп, дамыған коммуникативтік дағдылардың болмауына байланысты ыңғайсыздықты сезінеді. Өзіңізді таныстырып, сұхбат алушыны сізді таңдауға сендіруіңіз керек.

– Командаға жаңадан келгендерді қалай таныстырасыз?

– Жаңа қызметкерді бортқа жіберу процесін кадрлар бөлімі және жаңа қызметкер келген бөлімнің тікелей басшысы басқарады.

Бейімделу кезеңі бірнеше аспектілерді қамтиды: психологиялық, әлеуметтік, кәсіби және ұйымдастырушылық. Мұндай жүйеге бірқатар іс-шаралар кіреді, олардың көмегімен біз жаңадан келген адамды компаниядағы жұмыс нормаларымен және ережелерімен, ұйымның құрылымымен, ұжыммен таныстырамыз, сонымен қатар оларды түрлі іс-шараларда компанияның корпоративтік мәдениетіне тартамыз.

Сонымен қатар, біз жаңадан келгендермен жиі кездесулер өткіземіз, онда жаңа қызметкердің мәртебесін бақылап отырамыз. Біз компания басшысымен апта сайынғы таңғы асты ұйымдастырамыз. Кездесу мен бейресми қарым-қатынастың бұл форматы компания туралы жаңалықтарды бірінші болып білуге, тәжірибемен алмасуға, сондай-ақ сұрақтар қойып, ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

– Түлектердің түйіндемесін қараған кезде сіз неге назар аударасыз? НУ түлектерін қалай сипаттайтын едіңіз?

– Барлығы жұмыс саласына байланысты. Бэк-офис қызметіне үміткерлерді іздеу кезінде біз аяқталған жоғары білімінің болуына назар аударамыз. IT саласының мамандарын іздеу кезінде үміткердің қатысқан жобалары, іске асырылған стартапы, қолданылған технологиялары қызығушылық тудырады. Көбінесе, IT адамдар оқуды бітірместен бұрын әртүрлі бағдарламалау тілдерін кодтауға және түсінуге кіріседі.

Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектері әрдайым жұмыс берушілерді қатты қызықтырады. Себебі Университет өз студенттеріне әртүрлі «инкубаторларды», жобалық топтарды құруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған ерекше алаң ұсынады. Мұның бәрі сіздің түлектеріңіздің кандидатурасын тартымды етеді.

Орал Уағаз, инженер схема-техник

– Сіздің ойыңызша, Университетті бітіріп жатқан студенттер неге назар аударулары керек?

– Менің ойымша, түлектерге магистратураға түсуге асығудың қажеті жоқ. Жұмыс өтілі болмаса, магистратурада оқу тиімді емес.

– Оқу бітірген кезде қандай жоспарлар құрдыңыз және олар сіздің мансабыңызға сәйкес келді ме?

– Университетті бітіргеннен кейін мен өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасуды жоспарладым. Мен үшін басымдық жалақының деңгейі емес, өзім жұмыс жасайтын жоба маңызды болды. Қазір мен өзімді қызықтыратын жұмыспен айналысамын және тұрақты кіріске ие болып отырмын.

– Сіздің ойыңызша, студент (болашақ түлек) өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

– Біріншіден, болашақ түлек өз жұмысын сүйіп, жұмысына қанағаттануы керек. Екіншіден, өз мамандығыңызды біліп, түсініп алыңыз. Өзін-өзі тану – назар аударуды қажет ететін ең маңызды қасиеттердің бірі. Үшіншіден, жауапкершілікті сезінуді үйрену, бұл болашақ түлек үшін де өте  пайдалы.

Рауан Сағидолла, Перспективалық жобаларды дамыту жөніндегі директор

– Технологиялар мен нарықтың дамуын ескере отырып, алдағы 5-10 жылда Университеттің қандай мамандықтарына сұраныс артады деп ойлайсыз?

– Мамандықтың маңыздылығы жыл сайын құнсызданады деп сенемін. Әр түрлі мамандықтардың түйісуінде нақты дағдылар мен білім жетекші рөл атқарады. Сұранысқа ие болу үшін оларды үнемі толықтыруға тура келеді. Егер сіз жұмысқа орналасып, өзіңіздің біліміңізді жаңартпай немесе толықтырмай-ақ өзіңізді жайлы сезінсеңіз, 5-10 жыл ішінде сізді алгоритм ауыстырады немесе одан да жаманы, тек оңтайландырылған бизнес-процесс  алмастырады.

– Сіздің ойыңызша, университетті бітіріп жатқан студенттер неге назар аударулары керек?

– Электрондық поштаны оқыңыз. Поштаңызға іс-шаралар, бағдарламалар, стипендиялар, тағылымдамалар және т.б. туралы көптеген керемет ақпарат келеді. Мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысыңыз. Өзара байланыс орнатыңыз. Адамдарға қандай қызықты жобалар жасағаныңызды, қандай дағдыларыңыз бар екенін айтыңыз. Адамдар сізде белгілі бір дағдылардың жиынтығы бар екенін білетін болады, ал егер жаңадан қызметкер керек болса, олар сізді еске алатын болады. Көбінесе жұмыс беруші өзінің таныстары арасында лайықты адамдардың жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана жұмысшыларды бұқаралық арналар арқылы іздейді.

– Оқу бітірген кезде қандай жоспарлар құрдыңыз және олар сіздің мансабыңызға сәйкес келді ме?

– Шынымды айтсам, мен студент кезімде ешқандай мансапты жоспарлаған емеспін. Мен сабақтан кейінгі жазғы кезеңді  заңды демалысым деп санадым, жұмыс іздеп ақымақтық жасамаймын деп ойладым. Сондықтан жоспарларым шындықпен сәйкес келе алмады, өйткені ешқандай жоспарларым болған жоқ.

– Сіз жұмысқа орналасар алдында қанша рет сұхбаттасуға қатыстыңыз?

– Оқуды бітіргеннен кейін мен екі рет сұхбаттасуға қатыстым және екі ретте де жұмысқа қабылдандым. Бірі үлкен кабинетте, галстукта, былғары орындықта, ал екіншісі Старбакста, капюшон мен кроссовки киген түрде өтті. Сұхбатқа қатысу өте маңызды және қажет, осылайша сіз өзіңіз дамисыз, трендтерді түсінесіз. Бірақ сіз сұхбаттасуға жұмыс іздеуді бастамас бұрын әлдеқашан дайындалуыңыз керек. Coursera-дағы немесе Yandex менеджмент мектебіндегі қарапайым курс сізге дайындалуға көмек тигізеді.

– Сіздің өз-өзіңізді кәсіби тану жолыңызда университет қандай рөл атқарды?

– Мен үшін Назарбаев Университеті  мансаптық өсудің серпінді дамуы үшін өте жақсы бастама. Мен бірінші ағымның түлегімін және сол кезде жұмыс берушілердің НУ түлектерімен қарым-қатынас жасау тәжірибесі болған емес. Алайда, үмітіміз зор болды. 

– Сіздің ойыңызша, студент (болашақ түлек) өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

– Өзіңізде бар нәрсені сата білу өте маңызды. Егер сіз өте күшті болсаңыз да, бірақ бұл туралы нақты айта алмасаңыз, қиын болады. 4-5 жылдың ішінде Университетте тек білім ғана емес, сонымен қатар дағдыларды игеру өте маңызды. Ақпараттың үлкен көлемін талдау, табу мүмкін емес нәрсені іздеу, жобалау, копирайтинг, бағдарламалау, керемет презентация құру, қаржылық модельдер құру маңызды. Сізге тіпті қатысы жоқ нәрсені де зерттеңіз. Егер сіз өз болашағыңызды корпоративтік немесе мемлекеттік сектордан көретін болсаңыз, онда әдептілік негіздерін, іскери стильді оқып үйреніңіз.

Егер сіз өзіңіздің мамандығыңыз бойынша жұмыс жасағыңыз келетінін анық білсеңіз, мен сізге осы жолмен өткен адамдардың тарихын оқуға кеңес беремін. Олармен сұхбаттасыңыз, қандай дағдылардың іске асыруға мүмкіндік бергенін түсініңіз. Бұл байланыстар сіздің сәттілікке жету жолыңызды кейде қысқартуы да мүмкін.

– Оқуды бітіргеннен кейін өмірге деген көзқарасыңыз қалай өзгерді? Университеттегі және дипломнан кейінгі өміріңізде сіздің дүниеге деген көзқарасыңызды айтарлықтай өзгерткен есте қаларлық эпизодтар болды ма?

– НУ-да оқып жүргенімде адамдар арасындағы шекара мен үшін іс жүзінде жоғалып кетті. Кітапханада отырған кезде Дэвид Кэмерон немесе Дмитрий Медведев сізге кенеттен келіп, жағдайдың қалай жүріп жатқанын сұрай алады, бұл ойға қонымды емес. Мен мектепте оқып жүрген кезімде «Білім министрлігінің тексеруге келген адамы» аспаннан түскен адам сияқты  болатын. НУ-да мен барлық адамдар дәрежесіне, мәртебесіне және лауазымына қарамастан, барлығы өзіміз сияқты қарапайым адамдар екенін түсіндім.