НУ профессоры мемлекеттік секторды реформалау туралы: сәтсіздік үшін жазаламай, керісінше сәттілік үшін марапаттау керек  

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Колин Нокс 2016 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік секторды реформалау, мемлекеттік басқару, қоғамдық және азаматтық кеңестер мәселелерін, сондай-ақ өмір сапасы мен әл-ауқат мәселелерін зерттейді.

Сарапшы өзінің көпжылдық зерттеулерінің негізгі нәтижелері туралы айта отырып, оның пікірінше, өте жақсы немесе керісінше, толықтырылып, пысықталуы тиіс бірқатар мемлекеттік бастамаларды атап өтті.

Осылайша, профессор мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тұрғысынан электрондық үкімет құру идеясын және “бір терезе” қағидатын жоғары бағалайды.

“Шенеуніктер ерекше жақсы көрінген нәрселердің бірі – бұл Қазақстанның лауазымды тұлғалары мен азаматтары арасындағы өзара іс-әрекеттің шектелуі, ал бұл өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді шектейді. Әрине, сыбайлас жемқорлық елде әлі де проблема болып қалуда, бірақ “бір терезе” бастамасы шенеуніктердің азаматтардан пара алу, ал азаматтардың пара беру арқылы үрдісті тездетуге мүмкіндіктерін шектеуге көмектесті”, – деп түсіндіреді сарапшы.

Бірақ “қоғамдық кеңестер” құру бастамасы жақсы болса да, әлі де азаматтардың сеніміне ие болған жоқ деп Нокстың айтуынша:

“Формат келесідей болды: қоғамдық кеңестердің үштен үш бөлігі жеке азаматтардан, ҮЕҰ топтарынан және шенеуніктердің үштен бір бөлігінен тұруы керек еді. Алайда, Қоғамдық кеңес әлі де болса, мемлекеттік органмен көбірек байланысты деген мағынада эксперимент сәтсіз аяқталды. Ал Кеңес денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету сияқты, негізгі мемлекеттік қызметтер төңірегінде Қазақстан азаматтарының дауысына айналуы тиіс еді. Шындығында, министрліктер органды басқаша – олар енгізілуі жоспарланып отырған заңдарды алдын ала сканерлеу үшін пайдалана бастады. Сондықтан, менің ойымша, бұл механизмді азаматтармен өзара әрекеттесу ретінде пайдалану әлеуеті іс жүзінде іске асырылмады”.

Профессор Колин Нокс сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі тұрақты негізде ұйымдастыратын тренингтер барысында қазақстандық шенеуніктерге белсенді түрде сабақ береді. Мемлекеттік қызметшілермен өзара әрекеттесу негізінде ғалым олардың жұмыста белсенділік танытудан, жауапкершілікті өз мойнына алудан және тәуекелге барудан қорқатынын атап өтті, себебі олар қызметінен айырылып қалудан үрейленеді.

“Мен шетелдік бақылаушы ретінде менталитетке ықпал етіп, сәтсіздік үшін жазаламай, керісінше сәттілік үшін марапаттау керек деп айтқым келеді . Себебі егер мемлекеттік қызметші тәуекелге бармаса, ол ешқашан шығармашылық тұрғыдан ойламайды, ал шығармашылықсыз инновациялық ойлау мүмкін емес. Мемлекеттік қызметкершілер қателіктері үшін жазалаудан қорықпай, керісінше олардан сабақ алуы керек. Осылайша біз Қазақстандағы мемлекеттік қызметтердің деңгейін көтерер едік деп ойлаймын”, – деп ойын білдірді профессор.

Назарбаев Университетіне келгенге дейін доктор Нокс Ұлыбританиядағы Ольстер университетінде жұмыс істеді. Ғалым мемлекеттік секторда жұмыс істейтін жоғары лауазымды тұлғаларға арналған кәсіби докторантура бағдарламасын әзірлеу бойынша командаға жетекшілік етті. Ғылыми қызметін бастағанға дейін К.Нокс Ұлыбританиядағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 8 жыл жұмыс істеді.

Толық ақпарат алу үшін pressa@nu.edu.kz эл. поштасы немесе +7 7172 706091 телефоны бойынша Назарбаев Университетінің Пресс-офисіне хабарласыңыз.