НУ Президентіне Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы табыс етілді

2020 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым саласын дамытуға, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Назарбаев Университетінің Президенті Мистер Шигео Катсуды марапаттады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының 2020 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланған.

Шигео Катсу мырза 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Назарбаев Университетінің Президенті қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар ол Назарбаев Зияткерлік мектептері Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы, Назарбаев Қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және «First Heartland Jýsan Bank» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып табылады.

Университеттегі қызметіне қоса, Шигео Катсу мырза Қазақстан Республикасының Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі болып табылады, сондай-ақ халықаралық және мемлекетаралық даму институттарының кеңесшісі  қызметін атқарады.  

2010-2011 жылдары Азия даму банкінің «Азия 2050: Азия ғасырын іске асыру» кітабының бірлескен авторы және «Қазақстан 2050 – заманауи инклюзивті қоғам жолында» (2014) кітабы редакторларының бірі болып табылды, 2015-2016 жылдары «Орталық Азия 2050: өңірлік әлеуетті дамыту» кітабын жазуға тартылды. 

Шигео Катсу мырзамен бірге медицина саласын дамытуға, бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов алды.