НУ «Номад» пікірсайыс клубының 5 мүшесі Бейжің Пікірсайыс Академиясынан оралды

Бұл академия Бейхан университеті, Дүниежүзілік Пікірсайыс институты және “Za in Proti” атты Словения пікірсайыс ұйымдарының көмегімен ұйымдастырылған. Академия 2014 жылдың 18-25 шілде аралығында өтті.

Академияның бас бағдарламасы дүниежүзілік университеттер арасында өтетін чемпионатқа сәйкес Британдық Парламент форматы бойынша дайындалды. Әр студентке бірнеше профиль бойынша түрлі дәрістер мен шұғылдану сабақтарына бару мүмкіндігі берілді. Қатысушылар тапсырмаларды орындау үшін және дайындық пікірсайыстарға қатысу үшін топтарға бөлінген. Назарбаев Университетінің студенттері өздерінің білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Біздің студенттер үздік команда және үздік спикерлер арасында бірінші орындарға ие болды.

Қытай елінен келген студентпен бірге серіктестікте болған Камила Насырбаева (Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі) жарыста бірінші орынды жеңіп алды. 

Арман Тайлақов және Сағыныш Байтұрсынов (Ғылым және технологиялар мектебінің студенттері) финалдық ойынға қатысып, екінші орынға ие болды. 

Нафиса Инсебаева (Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі) және Айжан Исағали (Ғылым және технологиялар мектебі) ширек финалға дейін жетіп, пікірсайыстың күміс және алтын спикерлері болып атанды.