НУ: карантин жағдайында университетке түсу туралы

COVID-19 пандемиясы, әрине, бүкіл әлем үшін жаңа сын-қатерге айналды және адамдардың барлық өмір сүру салаларына, соның ішінде білім беру саласына да әсер етті. Бұл өзгерістер тек оқу процесіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі оқу орындарына рекрутинг және студенттерді қабылдау жүйесіне әсер етті.

ТЖ және карантин режимі жағдайында Назарбаев Университетіне талапкерлердің/үміткерлердің түсу үдерісі қалай ұйымдастырылғаны, рекрутинг үдерісі қандай өзгеріске ұшырағаны және биылғы жылы талапкерлерді қабылдаудың алдын ала нәтижелері қандай екені туралы бізге Қабылдау департаментінің директоры Айжамал Жазықпаева айтып берді.

Елімізде карантинді енгізумен байланысты қазіргі күрделі жағдайларда университетке талапкерлерді қабылдау үдерісі қалай өзгергені туралы айтып берсеңіз?

Иә, шынында да, осы көктемде бүкіл әлемнің жоғары оқу орындары көп жылдар бойы қалыптасқан талапкерлерді қабылдау үдерісін өзгерту қажеттілігімен бетпе-бет келді. Біздің университет осы тұрғыда да ерекше болған жоқ. Төтенше жағдайлар да, карантин де, осыған байланысты шектеулер де студенттерді университетке қабылдау және оқу үдерісін жалғастыру қажеттілігінің күшін жоймады. Сондықтан бізге оқуға түсудің жаңа ережелері мен рәсімдерін қалыптастырумен байланысты маңызды шешімдерді НУ-ға түсудің және оқытудың негізіндегі ашықтық, жауапкершілік және адалдық сияқты, негіз қалаушы қағидаттардан алшақтамай, үдеріс барысында қабылдауға тура келді.

Қабылдау департаменті өз қызметінің түріне байланысты сыртқы аудиториямен, соның ішінде талапкерлермен, олардың ата-аналарымен, кәсіби бағдар берушілермен, әріптестермен және т.б. көбірек қатынас жасайын құрылымдық бөлімше болып табылады. Вирустың таралуын шектеу мақсатында қашықтан жұмыс істеу режиміне көшу жөнінде университет басшылығы қабылдаған шешімге байланысты Университеттің барлық бөлімшелері сияқты, Департамент те жаңа қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Осыған орай кампуста жеке консультациялар өткізу тоқтатылды. Бұл ретте Колл-орталықтың мүдделі тұлғаларға телефон және электрондық пошта арқылы консультациялар беру жөніндегі жұмысы жалғастырылды. Айта кетерлік жайт, карантин енгізілген сәттен бастап өтініштер саны азайған жоқ, керісінше, айтарлықтай артты: 3325 хат, 6618 кіріс қоңыраулары, 3735 әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өтініштер, CRM-нысаны арқылы 7850 өтініштер тіркелді және өңделді. Бұл ретте, талапкерлерді оқуға түсу ережелері мен рәсімдеріндегі барлық жаңалықтар туралы үнемі ақпараттандыру үшін барлық қажетті ақпарат сайтта, университеттің ресми беттерінде әлеуметтік желілерде орналастырылды, сондай-ақ талапкерлердің/кандидаттардың электрондық мекенжайларына жіберілді.

Кейбір өзгерістерді университетке қабылдау ережелері де бастан кешірді. Университеттің академиялық бағдарламаларына түсу олардың академиялық жетістіктері негізінде талапкерлерді/үміткерлерді іріктеуді білдіретін меритократия қағидаттарына негізделгені белгілі. Осылайша, Университетке түсу үшін халықаралық стандартталған тест тапсыру қажет. COVID-19 жағдайын ескере отырып, College Board (SAT), British Council (IELTS), ETS (GRE/TOEFL) сияқты халықаралық стандартталған тестілердің әкімшілері емтихан өткізуді уақытша тоқтатты. Меритократия қағидатын сақтау және оқуға түсу кезінде барлығына тең мүмкіндіктер беру үшін Университеттің қабылдау комиссиялары барлық талапкерлерге/үміткерлерге тест тапсыруда пайда болған қиындықтарға қарамастан конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін бірқатар шешімдер қабылдады.

Атап айтқанда, Университет алдындағы дайындық бағдарламасының Қабылдау комиссиясы 2020-2021 оқу жылына арналған конкурс аясында Aptis және NUFYPET тестілерінің нәтижелері негізінде IELTS/TOEFL сертификатын тапсыруға мүмкіндігі жоқ талапкерлерді қарастыру туралы шешім қабылдады. Ол үшін Aptis тестінің нәтижелері IELTS-тың шет тілін меңгеру деңгейлерінің жалпыеуропалық жүйесі бойынша нәтижелеріне сәйкес болды. Сондай-ақ NUFYPET балдары назарға алынды.

Бакалавриат бағдарламасына келсек, 2020-2021 оқу жылына арналған конкурс аясында Қабылдау комиссиясы мынадай шешім қабылдады:

1) ең төменгі өту балымен SAT/ACT сертификатын ұсынуға мүмкіндігі жоқ талапкерлерге ALEKS PPL тест өткізу;
2) 2020 жылғы 31 мамырға дейін ДП ұсынған Duolingo English Test емтиханының нәтижелерін IELTS немесе TOEFL тестілеріне балама ретінде қарастыру;
3) IB DP санатындағы талапкерлерді оқу орындары растаған алдын ала бағалау бойынша, кемінде 33 және 5,5,5-тен төмен емес ең төменгі жалпы балмен ілгері деңгейдегі үш пән бойынша қарастырады.

Магистратура, резидентура және докторантура бағдарламаларының қабылдау комиссиялары IELTS немесе TOEFL стандартталған тест нәтижелерін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда үміткерлерге Duolingo English Test балама емтиханын тапсыруға мүмкіндік беретін шешім қабылдады.

Жоғарыда көрсетілген балама тесттерді тапсыру туралы толық нұсқаулықтары бар барлық ақпарат сайтта, әлеуметтік желілерде орналастырылды және талапкерлердің/үміткерлердің электрондық мекенжайларына жіберілді.

Ақырында, оқуға түсу процесінің соңғы кезеңі -талапкерлерді/үміткерлерді қабылдау да өзгеріске ұшырады, ол үшін олар университетке өз құжаттарының түпнұсқаларын ұсынуы қажет. COVID-19 пандемиясы себебінен және физикалық өзара әрекет ету арқылы вирустың таралуын шектеу мақсатында ағымдағы жылдан бастап құжаттардың түпнұсқалары тек курьерлік поштамен қабылданатыны туралы шешім қабылданды. Бұл, ең алдымен, біздің талапкерлер мен олардың ата-аналары мен басқа да өкілдерінің өмірі мен денсаулығын сақтауға қамқорлықпен қарауға байланысты.

НУ-ға оқуға қабылданарда 086/у медициналық анықтаманы қағаз түрінде тапсыру міндетті ме?

086/у медициналық анықтамасы – оқуға қабылданарда талапкерлер/үміткерлер тапсыратын міндетті құжаттардың бірі. Қазақстанда білім беру мекемелеріне оқуға түсерде бұл анықтаманың электронды нұсқасы қабылданатындығы бұдан бұрын мәлімденген болатын. Назарбаев Университеті Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментінің ақпаратына сәйкес анықтаманың электронды нұсқасын енгізу бойынша жұмыстар қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде жүргізілуде. Осыған орай, электронды анықтама жүйесінің толық енгізілуіне дейін Назарбаев Университеті қағаз түріндегі анықтаманы қабылдауды жалғастыра береді.

Қазіргі уақытта рекрутинг процесі қалай өтеді? Карантин жағдайында ол қалай өзгерді?

Әрине, рекрутингтік науқанның форматы, пайдаланылатын ресурстар мен құралдар карантин жағдайында да өзгерді. ТЖ және карантин режимін енгізуге байланысты еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Университет аумағына барлық сапарлар тоқтатылды. Осыған байланысты Университеттің талапкерлері мен үміткерлері үшін дәстүрлі ұйымдастырылатын барлық кампус-турларды өткізу тоқтатылды. Сондай-ақ, барлық көрмелер мен рекрутингтік сапарлар жойылды. Сондықтан Талапкерлерді / үміткерлерді университетке түсу шарттары туралы хабардар ету бойынша жұмысты жалғастыру үшін Департамент онлайн режимінде іс-шараларды өткізуге көп көңіл бөлген рекрутингтің баламалы жоспарын әзірледі. Тәжірибе көрсеткендей, кездесулердің мұндай форматы тек сұранысқа ие болған жоқ, сонымен қатар университетке түсуге әлеуетті үміткерлердің арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Карантин енгізілген сәттен бастап біздің қызметкерлеріміз оқушыларға арналған 9 сессияны, ата-аналарға арналған 2 сессияны, магистратура мен докторантура бағдарламаларына үміткерлерге арналған 4 сессияны қоса алғанда, әлеуметтік желілерде және ZOOM платформасында 15 трансляция өткізді. Сонымен қатар, магистратура және докторантура бағдарламаларына үміткерлер үшін ақпараттық күн өткізілді. Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шараларға 6500 адам қатысты.

Университетке түсу үшін ағымдағы жылы тіркелген талапкерлер/үміткерлер саны бойынша алдын ала нәтижелерді жариялай аласыз ба?

Қазіргі уақытта Университет ұсынатын бірқатар бағдарламаларға тіркелу әлі жүріп жатыр, бірақ егер алдын ала нәтижелер туралы айтатын болсақ, жалпы алғанда, Қазақстанда, сондай-ақ шет елде талапкерлер тарапынан Назарбаев Университетіне түсуге қызығушылықтың өсу үрдісін атап өтуге болады. Бұл туралы статистикалық деректер жақсы айтады. Статистика көрсеткендей, жыл сайын талапкерлер/үміткерлер санының өсуі орта есеппен 1242 адамды құрайды. Егер 2017 жылы 3966 талапкер болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 5597, 2019 жылы 6451-ге дейін өсті.

Ағымдағы жылы 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген талапкерлердің саны 7 758 (университет алдындағы дайындық бағдарламасы – 3693; бакалавриат – 1925; магистратура (резидентура және медицина докторларын қоса алғанда) – 1809; докторантура – 331 құрайды. Университет алдындағы дайындық бағдарламасына ақылы негізде және докторантураның кейбір бағдарламаларына тіркелу әлі жалғасуда. Айта кетерлік жайт, биылғы жылы шетелдік талапкерлер/үміткерлер саны371, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 есе артық.

Біздің Департамент өз тарапынан барлық талапкерлерге табыс тілейді және әрқашан Назарбаев Университетіне түсумен байланысты кез келген мәселелер бойынша барлық қажетті ақпараттар мен консультациялар беруге дайын.

Тел: +7 (7172) 64 25 84 

E-mail: info_admissions@nu.edu.kz