НУ интернационалдандыру комитетінің кезекті және 2021 жылғы алғашқы жиыны

2021 жылдың 11 ақпанында НУ интернационалдандыру комитетінің мүшелері мен шақырылған қонақтар 2020 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қарау, сондай-ақ 2021 жылға арналған жоспарлармен бөлісу үшін кезекті жиынға жиналды. Кездесудің күн тәртібі ауқымды болды және күрделі мәселелерді қамтыды, соның ішінде институционалды және бағдарламалық аккредиттеу және рейтингке қатысу, 2020 жылға арналған интернационалдандырудың негізгі нәтижелеріне шолу және НУ интернационалдандыру стратегиясы. Сонымен қатар, қатысушыларға 2020 жылы өткізілетін маркетингтік іс-шаралар туралы, 2020 жылы шетелдік студенттерді қабылдау туралы мәліметтер, сондай-ақ интернационалдандыру және стратегиялық серіктестік бойынша НУ қауымдастығы арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы толық ақпарат берілді. 

Жиынның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қатысушыларға ағымдағы жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша шетелдік студенттер мен оқытушылар құрамы туралы ақпарат берілді. Бұл ақпарат егжей-тегжейлі схемада ұсынылды: мектеп, мамандық, жыныс, сондай-ақ лауазым және докторантура дәрежесі бойынша. Провост институционалды және бағдарламалық аккредиттеу мәселесіне түсініктеме берді және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Алия Каймолдинова қазақстандық жоғары оқу орындарын аккредиттеу бойынша жағдайға шолу жасады. 

Одан әрі, кездесуге қатысушыларға Маркетинг департаменті ұсынған НУ брендін жылжыту және бұқаралық ақпарат құралдарында корпоративтік стильді дамыту туралы ақпарат таныстырылды. Халықаралық студенттерді қабылдау, соның ішінде НУ Стратегиясында көрсетілген 2018-2030 стратегиялық мақсаттарға көбірек студенттерді тарту жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты Қабылдау департаменті ұсынды. 

Кездесуге қатысушылар пікірсайысқа, оның ішінде ағымдағы 2021 жылға арналған стратегиялық маңызды мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Қатысушылардың мұндай белсенділігі университетті интернационалдандыру бойынша НУ қауымдастығының жан-жақты және қарқынды жұмысын көрсетті.

Комитеттің кейбір материалдарын мына жерден таба аласыз.