НУ HPAIR-2019 халықаралық Гарвард конференциясына дайындалуда

Өзгерістер құмарлығы – осы жылы Назарбаев Университетінің студенттері Сингапур, Жапония, Тайвань, Қытай, Индия жоғары оқу орындары арасында өтетін HPAIR-2019 Гарвард конференциясының тақырыбы осындай. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мүшелері жақында Гарвард университетіне (АҚШ) барып қайтты. Конференцияны ұйымдастыру комитетінде атап өткендей, алғашқы күннен бастап әлемнің көптеген елдерінен үміткерлер тарапынан белсенді түрде өтініш беру байқалуда.

Бұған дейін хабарланғандай, “Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасы” (The Harvard College Project for Asian and International Relations / HPAIR) конференциясы Азия елдеріндегі Гарвард университетінің қолдауымен ірі студенттік конференция болып табылады. Іс-шара Тынық мұхиты аймағы мен Азия елдерінде маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылау мақсатында студенттер мен жас мамандарға арналған пікірталас алаңы ретінде ұйымдастырылды. 1991 жылдан бастап HPAIR әлемнің 12 елінің жоғары оқу орындарында 32 000 қатысушы тарту арқылы өтті. Конференцияның өткен спикерлерінің арасында-елдердің көшбасшылары, белгілі ғалымдар мен Нобель лауреаттары, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың басшылары бар.

HPAIR-2019 конференциясы Нұр-Сұлтан қаласында алты секцияда өтеді: өнер, медиа және мәдениет; әлеуметтік саясат және әділдік; басқару және геосаясат; ғылым және технологиялар; энергетика және экологиялық тұрақтылық; жаһандық нарықтар және экономика. Конференцияның күн тәртібін талқылаудан басқа, бес күндік іс-шара бағдарламасына мәдени іс-шаралар енгізілді. Бұл халықаралық карнавал, қазақ мәдениеті кеші, экскурсиялық іс-шаралар. 

HPAIR-2019 ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Назарбаев Университетінің студенті Лейла Ахметова биылғы жылы Астана экономикалық форумының спикерімен шақырылды. 17 мамырда ол Қазақстандағы жастар мәселесі бойынша баяндама жасап, конференцияны ұйымдастыру тәжірибесімен бөліседі.

Cуретте: HPAIR-2019 ұйымдастыру комитетінің делегациясы Гарвардта