НУ EALC-2020 академиялық кітапханалардың конференциясын өткізді

Назарбаев Университеті кітапханасы Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығымен әріптестікте ұйымдастырған академиялық кітапханалардың IX Еуразиялық конференциясы (АКЕК-2020) 2020 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында онлайн-форматта өтті. Іс-шара әлемнің 26 елінен келген 200-ден астам қатысушыны біріктірді.

Конференцияның басты тақырыбы “Өзгерістерді сезіне отырып: тартамыз, пайдаланамыз, қамтамасыз етеміз”. Қатысушылар пандемия кезінде кітапханалар бетпе-бет келген трансформация процестерін талқылады.

IFLA-мен (халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелерінің федерациясы) белсенді жұмыс істейтін Джейшри Мамтордың және SPARC Europe Басқарма мүшесі және LIBER-дің белсенді мүшесі Шарлотта Виннің сөз сөйлеулеріне үлкен көңіл бөлінді. Сондай-ақ, іс-шара барысында Назарбаев Университетінің Провосты Илесанми Адезида шабыттандыратын жолдауымен сөз сөйледі.

Конференция барысында көптеген пайдалы сөздер айтылды. “Кітапханашылардың құзыреттілік индексін әзірлеу: әлеуетті арттыру, кітапханалық – ақпараттық жүйелерді құру және үздіксіз кәсіби дамуға бағдарлау” атты үздік еңбегі үшін марапатты Орталық Филиппин университетінен Алензуэла, Ана Мэй Кантель және Ма Синтия Пеленья алды, ал Ташкенттегі, Өзбекстандағы Вестминстер халықаралық университетінен Камола Ибрагимова үздік баяндамашы болды.

Сондай-ақ, конференция аясында пандемия кезіндегі кітапханалардың халықаралық тәжірибесіне және “жаңа болмысқа” дайындыққа арналған семинарлар өтті. Сонымен қатар, делегаттар виртуалды сынақтар мен жаттығуларға қатыса алды.