НУ‑дың жаһандық рейтингілерге қатысуы туралы Пресс-офистің мәлімдемесі

Назарбаев Университетінің 2018-2030 жылдарға арналған Стратегиясы бойынша, НУ‑дың ЖОО‑дардың жаһандық рейтингілерге кіруі 2030 жылға дейін күтілмейді. Стратегияның толық мәтінімен мына жерден танысуға болады. 

НУ Стратегиясында Университеттің 2018-2030 жылдарға арналған миссиясы, келешегі, стратегиялық мақсаттары, даму кезеңдері және қызметкерлердің, оқытушылардың, студенттер мен зерттеушілердің бірлескен күш-жігерлерінің нәтижелері баяндалған.

Осы стратегиялық кезені барысында НУ бес басты мақсаттарды шешуге шоғырланады, олардың қатарында:

  • Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық;
  • академиялық көшбасшылық;
  • ғылыми көшбасшылық;
  • денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің моделін құру;
  • инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу.

Аталмыш құжат 2018 ж. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Жоғары қамқоршылық кеңесінің шешімімен бекітілген. Жоғары қамқоршылық кеңесінің тізімімен мына жерден танысуға болады.