NU Disability Talks: мүгедектік, қоғам, инклюзивтік?

2020 жылдың 19 ақпанында Назарбаев Университетінің Кітапханасы инклюзивті білім беруге және мүгедектігі бар адамдардың қоғамға кірігуіне арналған іс-шаралар сериясы бойынша алғашқы ашық дәріске шақырады. Ашық дәрісте Адам құқықтары жөніндегі сарапшы және БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетіне/Халықаралық заңгерлер қауымдастығының Адам құқықтары жөніндегі институтына азаматтық қоғам атынан балама баяндаманың тең авторы Олег Козырев сөз сөйлейді.

– 2020 жылы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсартудың өзекті мәселелері бойынша диалог құру мақсатында сарапшылардың, құқық қорғаушылардың, қазақстандық мүгедектер қауымдастығы көшбасшыларының, қоғам қайраткерлері мен басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен кездесулер, пікірталастар, ашық дәрістер ұйымдастырылады, – деді НУ Кітапханасының сарапшы-менеджері және осы циклдің бастамашысы Зият Әбдіқаимов.

Назарбаев Университеті инклюзивтік, мүмкіндіктер теңдігі және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген. Өз студенттері мен қызметкерлері үшін тең мүмкіндіктер туғызып қана қоймай, жергілікті қоғамдастықта әлеуметтік жауапкершілікті алға тартады. Зият – алғашқы зағип студент, инклюзивті білім беру бойынша Жоғары білім беру мектебінің магистратура бағдарламасының түлегі. Зияттың сұрауы бойынша Назарбаев Университетінің Кітапханасына тифлокешен, көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған арнайы құралдармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютер сатып алынды. Назарбаев Университетін 2016 жылы бітіргеннен кейін Зият НУ Кітапханасының асситивтік (көмекші) технологиялар мен қолжетімділік жөніндегі сарапшы-менеджер болып жұмыс істеді.

«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға бес жыл: инклюзияға бет алу  немесе иллюзияларды жоғалту» тақырыбындағы ашық дәрісее тіркелу үшін сілтеме бойынша мына жерге өтулеріңізді сұраймыз.

Күні: 19 ақпан 2020 ж., сағат 18.00 – 19.30.
Өтетін орны: Қабанбай батыр 53, блок 5, зал 5е.228, Назарбаев Университетінің Кітапханасы.
Іс-шара тілі: орыс (ағылшын тіліне ілеспе аудармасымен).