НУ-да Мансап орталықтарының алғашқы онлайн-форумы өтті

Ancor
Begars
Ildar
Shattyk
Гюльнур2
Даулет

НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы алғаш рет “Жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара әрекеттесу” тақырыбында онлайн-форум өткізді. Іс-шараға жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының өкілдері, жұмыс берушілер, сондай-ақ мансапты дамыту және жоспарлау саласындағы мамандар жиналды. Қатысушылар еліміздің жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы, оның ішінде пандемия мен карантин жағдайында өзара әрекеттесуге байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Форум жұмысына 110 адам, оның ішінде ресейлік жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының әріптестері қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар алдында жұмыс берушілер тарапынан HR-мамандары да сөз сөйледі.

Назарбаев Университетінің өнеркәсіппен өзара әрекеттесу жөніндегі вице-провосты Василий Турассис форумға қатысушыларға арнаған сөзінде ол Мансап орталықтарын “студенттерге өздерінің кәсіби ұмтылыстарын анықтауға және іске асыруға көмектесу үшін ресурстар, байланыстар мен түсіністік беретін оқытушылар ретінде” қарастыратынын атап өтті. (I view career centers as educators providing resources, connections, and insight to help our students determine and pursue their professional aspirations – Vasilios Tourassis).

Форум барысында ҚХЭҚИ Университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әріптестері жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ пандемия кезінде кездестірген қиындықтары мен проблемалары туралы айтты. IQ Solutions, ERG, Самұрық-Қазына корпоративтік университеті, Microsoft Kazakhstan және Қазатомөнеркәсіп орталықтарының әріптестері өздерінің бағдарламалары мен ЖОО-мен жұмыс істеу қағидаттары туралы айтып, болжамдары және ұсыныстарымен бөлісті.

Сондай-ақ, форумға қатысушылардың мансаптық даму орталықтарының жұмысындағы жаңа трендтер және Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінде пандемияға қарсы қабылданып жатқан шаралар және Азия-Тынық мұхит  мансапты дамыту қауымдастығы өткізген презентация туралы  білуге мүмкіндіктері болды. Қауымдастықтың атқарушы директоры Гүлнұр Исмаил-Испарова атап өткендей, “біздің ешқайсымыз, бірде-бір ұйым, бірде-бір қауымдастық пандемияға және оның біз үшін не әкелетініне 100% дайын болмадық”.  Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара байланысы туралы талқылай келе, ол “жоғары оқу орнының табыстылығы оның түлектерінің табыстылығымен, қанша пайызы және қанша саны табысты жұмысқа орналасқандығымен бағаланады. Мұндай жағдайларда мансап орталықтарының рөлі өзгеріп, өкілеттіктері кеңейтілуі керек. Мансап бойынша консультанттар мектеп декандармен тығыз жұмыс істеуі керек”.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов мемлекет тарапынан қабылданып жатқан жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы, сондай-ақ Қазақстанның еңбек нарығындағы заманауи трендтер туралы айтып берді.