НУ-да “Climate Talks” білім беру конференциясы өтті

Климаттың өзгеруінің салдары және осы жаһандық мәселенің шешімдері туралы “Climate Talks” конференциясында айтылды. Оның ұйымдастырушылары – NU Green Campus офисі, БҰҰДБ және “National Conservation Initiative” корпоративтік қоры.

Іс-шараға әр елден 100-ден астам адам қатысты, олардың ішінде экологтар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері, университет студенттері мен оқытушылары қатысты.

Конференция барысында жергілікті және халықаралық сарапшылар климат жөніндегі келіссөздер процесі және планетада климаттың ықтимал өзгеруін болжау саласындағы өз көзқарастары және тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстандағы климаттың өзгеруі жөніндегі саясат, шығарындыларды азайту бойынша мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қабылдаған шаралар, сондай-ақ инновациялық жасыл жобалар туралы көптеген пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ, пікірталас клубы аясында конференцияға қатысушылар шығарындыларды митигациялау және климаттың өзгеруіне бейімделу туралы өз көзқарастарын ұсынды.