НУ-да алғаш рет Жыл түлегі таңдалады

Назарбаев Университеті түлектерінің қауымдастығы НУ түлектеріне алғашқы жыл сайынғы сыйлықтың тағайындалғаны туралы жариялады. Сыйлық Университеттің бастамашыл және ерекше көзге түскен түлектеріне берілетін болады.

 «Біз «Жыл түлегі» сыйлығына үміткерлерді ұсыну және іріктеу процесіне НУ-дың бүкіл қоғамдастығын тартқымыз келеді. Университет қоғамдастығының кез-келген мүшесі НУ түлектерінің кез-келгенін ұсына алады және жыл бойы өзінің үлгісімен  және жұмыс нәтижелерімен шабыттандырған, біздің альма-матердің үздік өкілі болуға лайық деп санайтын адамды ұсыну мүмкіндігіне ие болады», – деп атап өтті «NU Alumni» қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Арман Қоңқобай.

Қазіргі кезде үміткерлерді іріктеудің бірінші кезеңі – марапатқа үміткерлерді ұсыну аяқталды. Келесі кезең – түрлі  номинациялар бойынша марапаттарға дауыс беру. Іріктеу онлайн режимінде өтеді және 2021 жылдың 6 ақпанына дейін жалғасады. Бұл кезеңде НУ түлектері ғана дауыс беруге қатыса алады. Финалистер 7 ақпанда анықталады, содан кейін НУ-дың түрлі департаменттерінің өкілдерінен тұратын сыйлықтың қазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпаздарды таңдайды.

Сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 1 наурызға белгіленді.

«Жыл түлегі» сыйлығының номинациялары:

  • Жыл кәсіпкері – кәсіпкерліктің кез келген саласында айтарлықтай жетістікке жету.
  • Жыл тәрбиешісі – тәрбиеші немесе әкімшілік персоналдың өкілі ретінде білім беру процесіне елеулі үлес қосу.
  • Жылдың әлеуметтік әсері – әр түрлі қауымдастықтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларға қатысу және үлес қосу.
  • Жылдың спорттық жетістігі – бұл  спорт саласындағы жастардың  елеулі  жетістіктері мен жігерлігі.
  • Жыл зерттеушісі – ғылыми зерттеулер мен ғылымға елеулі үлес қосу.
  • Жыл меценаты – табысты әрі тиімді қайырымдылық жобасы.
  • Жылдың пікірлер көшбасшысы – белгілі бір саладағы танымал сарапшы.
  • Жылдың мәдени саласындағы үлесі – өнер мен мәдениет саласындағы маңызды жетістік.