НУ қазақстандық ЖОО студенттерінің жасыл бастамаларын қолдайды

Студенттер мен университет қызметкерлерінің жасыл зерттеу және инновациялық жобаларын қолдау мақсатын көздейтін Sustainability Living Lab бағдарламасы Назарбаев Университетінде Шеврон компаниясының қолдауымен 2019 жылы басталды. Барлық SLL жобалары кампустың экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған, бұл өз кезегінде университетке бағдарламаның сынақ алаңына айналуға мүмкіндік берді.

«Бүгінгі таңда Шеврон компаниясымен бірлесіп біздің университетіміздің қабырғасында университет асханасынан пайдаланылған майдан биодизель отынын әзірлеу, саңырауқұлақтар штаммынан вегетариандық ет жасау, ескі пластикті пайдалы заттарға қайта өңдеу сияқты жобалар іске асырылды. Басқа да бірқатар жобалар, соның ішінде тамақ қалдықтарын компосттау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, университетте ауыз су бұрқақтары мен медитацияға арналған жасыл бұрыш пайда болды, ал жақын арада кампуста тұрмыстық химия құю және пластикалық бөтелкелерді қабылдау аппараттары, энергия өндіретін велосипедтер орнатылады, сондай-ақ көбелектер бағы ашылады. Біздің студенттер мен әріптестеріміз микробқа қарсы жабынды жасап, блоктар бойынша энергия шығынын іс жүзінде қадағалап, кампус аумағында биоотын үшін шикізат өсіруге дайындалуда»,деді Green Campus және қоршаған ортаны дамыту офисінің басшысы Гүлжан Ермекова.

Жалпы, Sustainability Living Lab бастамасы университет қоғамдастығының зияткерлік әлеуеті мен шығармашылық идеяларын ашуға бағытталған. Бұл ең қызықты идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі, теориялық білімді нақты жобаларға айналдыруға көмектеседі және жоба қатысушыларына жаңа практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, университет қоғамдастығының күшімен жасыл бастамаларды іске асыру тәжірибесін тарату мақсатында Назарбаев Университеті Шеврон компаниясының қолдауымен осындай бағдарламаларды Қазақстанның басқа университеттеріне де енгізуді жоспарлап отыр.

Осылайша, Sustainability Living Lab бағдарламасы жақында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде басталды. Енді ҚарУ қызметкерлері мен студенттері өздерінің жасыл бастамаларын кампуста да жүзеге асыра алады. Назарбаев Университетінің Green Campus офисінің өкілдерімен онлайн-форматта қарағандылық студенттердің өтінімдерін қабылдау және олардың жобаларымен танысу ұйымдастырылды. Студенттердің бос уақыты мен оқуы үшін ағаштар мен жабайы жүзімдіктермен қоршалған жайлы беседка, университетте жиналған пластикті пайдалы заттарға өңдеуге арналған қондырғы, ыңғайлы үстел, зарядтайтын телефондар, қоқысты саналы тұтыну және сұрыптау бойынша экокурс, студенттердің өздері жақсы қарым-қатынасы үшін meeting room-осы және басқа да жобаларды жақын арада ҚарУ-да іске асыру жоспарланып отыр.

Green Campus офисінің өкілдері студент жастардың жасыл бастамаларын қолдау қазақстандықтардың жаңа буынының «жасыл» тұрғыдан ойлау санасын дамытуға қолдау көрсететініне сенімді.

IMG_20201106_155311
IMG_0280
129f38d6-488a-4c41-9914-fcc6194c6fbb
00fd9db9-3438-4f97-ae24-ce6ad3b12f58