Нобель сыйлығының иегері Астанадағы Тұңғыш Халықаралық энергетикалық ғарыш зертханасының конференциясына қатысты

Назарбаев Университетінде тамыздың 7 мен 12 аралығында 8 мемлекеттен келген Әлемдік ғалымдардың қатысуымен «Exploring the Energetic Universe 2017» халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция астрофизика және ғарыш салаларындағы алдыңғы технологияларды дамыту мен қолдауға тоғыстырылды.

Конференцияға шақырылған қонақтар: физика бойынша Нобель иегері, Берклидағы Калифорния университетінің профессоры Дж. Смут, Л.Д. Ландау атындағы теориялық физика институтының профессоры Алексей Старобинский, Улугбек атындағы астрономиялық институттың бас директоры, профессор Шухрат Эгамбердиев, Остиндағы Техас университетінің профессоры Пауан Кумар, Астрономия мен Ғарыш институтының профессоры Янг-Син-Сонг, Казаньдағы Ғарыш орталығының профессоры Сергей Сушков, Жоғары энергетикалық үдеткіштерді зерттеу бойынша ұйымның профессоры Озаму Таджима және Колифорния технология институтының профессоры Джонас Змудзинас.

Сессияларда спикерлер мен қатысушылар ғарыш саласындағы алдыңғы технология сұрақтарын талқылады, Қазақстанда ғарышты дамыту бойынша жаңа идеялармен бөлісті, сондай-ақ серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері мен бірлескен бағдарламаларға қатысу туралы ойларымен бөлісті. Конференцияда Қазақстан, Ресей мен Италия елдерінен келген 40 аса тыңдаушы қатысты.

«ECL17: Exploring the Energetic Universe 2017» халықаралық конференциясының қатысушылары ғарыш, гамма жарқылы мен заманауи детекторлар (MKIDs және басқа да криогендік сенсорлар) сияқты конференцияның ғылыми бағыттары бойынша мақалаларды тыңдауға бірегей мүмкіндік алды.
Конференцияда қосымша ЭКСПО-2017 энергетика тақырыптарындағы, фотоника мен физика есептеулері сияқты негізгі салаларға арналған арнайы сессиялардың баяндамалары мен плакаттары ұсынылды.

Іс-шараны ұйымдастырушы «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ.
Іс-шараның ашылу салтанатында Назарбаев Университетінің Провосты Adesida Ilesanmi, Назарбаев Университетінің Инновация мен ғылым бойынша Вице-президенті Қанат Байгарин, Берклидағы Калифорния университетінің профессоры Джордж Смут қатысты.