NLA-орталығының зерттеушілері Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреатты атанды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты. Президент ғалымдарды төрт номинация бойынша марапаттады.

Төртінші “Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері” тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін “Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы” мемлекеттік мекемесінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Валерий Васильевич Бенберинге;

“Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  – Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділовке.

 “Қазақстан  Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы – Әмір Амантайұлы Әхетовке;

“Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Александр Евгеньевич Гуляевке;

 “Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы – Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға;

“Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинге;

“Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке;

“Орталық клиникалық аурухана” акционерлік қоғамының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға берілсін.