Nazarbayev University Building

Назарбаев Универстеті Еуропалық университеттер қауымдастығы (EUA) Institutional Evaluation Programme (IEP)тарапынан жоғары баға алды

Еуропалық университеттер  қауымдастығы (EUA) Institutional Evaluation Programme (IEP) ресми вебсайтында Назарбаев Университетін институционалдық бағалау бойынша алғашқы есепті жариялағаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Осы есеп Университеттің дамуындағы маңызды қадам болып табылады. IEP командасы соңғы жеті жыл ішінде қол жеткізілген жетістіктер мен нәтижелерге жоғары баға берді; ал ұсынылған ұсынымдар Университетті одан әрі дамытудың маңызды бағыттары болмақ.

IEP ұсынымдарын алдағы оқу жылында арнайы жұмыс топтары  жүзеге асыратын болады, 2018 жылдың тамызында EUA-ге жасалынған жұмыстардың нәтижелері берілетін болады.

Осыдан кейін IEP командасы ұсынымдарды орындау барысында қол жеткізілген ілгерілеуді бағалау мақсатында екінші бағалауды 2019 жылғы ақпан айында өткізетін болады.

Біз Университеттің өзін-өзі бағалау процесінде және IEP командасының сапарлары кезінде кездесулерге қатысқан барлық адамдарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Есепте айтылғандай, IEP командасы объективті өзін-өзі бағалауды, командамен кездесулер кезіндегі адалдық пен ашықтықты ерекше атап өтті.