Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде «Executive MBA» магистерлік бағдарламасы бойынша оқу басталды

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі басшы қызметкерлер үшін  «Executive MBA» бағдарламасы бойынша оқытуды бастады. Аталған бағдарламаның ерекшелігі – Қазақстанда алғаш рет АҚШ-тың танымал университеті Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес мектебімен стратегиялық ынтымақтастықта  жүзеге асырылады.
«Теңізшевройл», NCOC және Самұрық Қазына сияқты компаниялардың қызметкерлері болып табылатын 18 студент алдын ала бейімдеу іс-шарасына қатысатын болады. Аталған бағдарлама демалыс күндері қарқынды оқыту әдістерін қамтиды, бұл өз кезегінде студенттерге жоғарыда аталған компанияларда өздерінің еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Солтүстік  Каролина, АҚШ, Дарем қаласындағы Фукуа Бизнес мектебінде білім алу арқылы аталған бағдарламаның студенттері өздерінің халықаралық қатынастарын кеңейтуге мүмкіндік алады. Оқу  2014 жылғы қараша айына дейін  жалғастырылады.
«Аталған  бағдарлама жаһандық-жергілікті тәсілді талап етеді, яғни жаһандық, сонымен қатар жергілікті сипаттағы оқуды біз Қазақстанда ұсынып отырмыз», – деді  Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің Деканы Реймон О’Каллахен.
Бағдарламаның студенттері кең ауқымды басқару саласында білім алады, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, стратегия, экономика және өндіріс салаларын зерттейтін болады. Сондай-ақ студенттер  үш элективтік пәнді таңдап алады, бұл икемді және мамандандырылған оқытуды қамтамасыз етеді. Үш пәннен екі пәнді таңдап алу арқылы оқыту халықаралық практикадан өту кезеңінде Дьюк Университетінің кампусында жүзеге асырылатын болады. Диссертацияларды жазу студенттерге жоба бойынша алған теориялық білімдерін қолдану мүмкіндігін береді, бұл компанияның дамуына, сондай-ақ мақсаттарға жетуге ықпалын тигізетін болады. «Оқыту нысаны студенттерге өз компаниялары жұмсаған инвестицияларын қайтаруға мүмкіндік береді», – дейді Реймон О’Каллахен.
Фукуа Бизнес мектебінің профессоры Дэвид Робинсон және Мохан Венкатачала аталған бағдарламаның алғашқы пәндерінен сабақ беретін болады.  2013-2014 жылдарға таңдап алынған оқытушы-профессорлық құрамы Фукуа Бизнес мектебінің профессорлары немесе Фукуа Бизнес мектебінің таңдаған оқытушылары болып табылады.
«Әлемде ең үздік болып саналатын мектеппен орнатылған әріптестік қатынастар басшы қызметкерлерге арналған МБА бағдарламасы бойынша жоғары сапалы білім беруге мүмкіндік туғызып отыр», –  белгіледі Реймон О’Каллахен.

apkecm.nu.edu.028724

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz