Назарбаев Университетінің жас ғалымы «100 жаңа есім» республикалық жобасының арасында

2017 жылғы 1 желтоқсанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпаздарымен салтанатты кездесуге қатысты.

Жобаның жеңімпаздары арасында Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебінің жас ғалымы және биология пәнінің нұсқаушысы Зарина Сауытбаева болды. Бүгінгі күні Зарина колоректальды қатерлі ісікпен ауыратын науқастарда таралатын микробөлшектерді зерттеумен айналысады.

«Мен Ұлыбританияда Манчестер университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдаған соң Қазақстанға қайтып оралғаннан кейін Онкология ауруларымен күрес жөніндегі жетекші халықаралық ұйымның мүшесі болып қабылдандым және Гарвард медицина мектебінде тағылымдамадан өтуге стипендияны ұтып алдым. Рак ауруын ерте диагностикалау тәсілдерін алдыңғы қатарлы елдер, оның ішінде Қазақстан да зерттейді. Біздің елде зерттеушілердің жас командасы және олармен бірге өзімнің де осы мәселемен айналысатыныма өте қуаныштымын»,– деді Зарина Сауытбаева.

100esim.el.kz

100esim.el.kz

Республикалық жоба 7 маусымда іске қосылды және оның басты мақсаты – әртүрлі  мамандықтардың үздік өкілдерін анықтау. Конкурс үш кезеңнен тұрды. Бастапқы кезеңде 2200 үміткер іріктелді. Соңғы кезеңде жобаның 102 жеңімпазы іріктелді. Кез-келген қазақстандық кандидаттарға дауыс бере алады. Жобаның арқасында ел өзінің қаһармандарын біліп қана қоймайды, сонымен қатар бұл тәсіл басқа азаматтарды өз қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.

100esim.el.kz

100esim.el.kz