Назарбаев Университетінің жаңа көрікті жері
Назарбаев Университетінің аумағында көрнекті сәулет құрылысы пайда болды. Ол бір-біріне айнадай үйлесімді екі пирамида түрінде салынған. Ғимарат қандай мақсатпен салынған? Бұл жерде Назарбаев Университетінің құрылымдық бөлімшесі – Қабылдау департаменті орналасатын болады. Аталған құрылым дарынды студенттерді іздеу және рекрутмент жұмыстарын жүзеге асырады. Дәл осы жерде «Foundation», бакалавриат, магистратура және докторантура академиялық бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдайтын болады. Сондай-ақ Университетке конкурстық іріктеу мен оқуға қабылдау жүргізілетін болады. Қазіргі кезде ғимараттың құрылысы аяқталу сатысында. Біз салынып жатқан Білім пирамидаларының бірнеше суреттерін дайындадық.