Назарбаев Университетінің зерттеушілері «Ғылым көшбасшысы-2017» атағына ие болды

8 қарашада 2017 жылы Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстарының деректері бойынша жарияланымдық белсенділігі және дәйексөздің жоғары көрсеткіштері үшін Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің профессоры Денис Буланин және National Laboratory Astana (NLA), Трансляциялық медицина және өмір туралы ғылымдар технологиялар зертханасының меңгерушісі Тимур Салиев,  Флуоресценттік әдістер зертханасының зерттеуші Айнур Какпенова және Биосенсорлар биоқұралдар зертханасының зерттеуші Эльдар Байкен «Leader of Science-2017» («Ғылым көшбасшысы-2017») тәуелсіз марапатының иегерлері атанды.

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ және «Clarivate Analitycs» компаниясы бірлесіп жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.

2015 және 2016 жылдары NLA-орталығының белгілі ғалымдары Жұмабай Бәкенов, Алмагүл Ментбаева және басқалары өздерінің ғылыми еңбектері үшін Thomson Reuters-тің деректері бойынша  «Leader of Science» марапатының иегерлері атанғаның естеріңізге сала кетейік.