Назарбаев Университетінің Технопаркі аумағында медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірінші партиясы шығарылды

2017 жылғы 27 қазанда «Educated Medical Solutions» ЖШС компаниясы «Назарбаев Университеті» ДБҰ Технопаркінің аумағында алғаш рет HeartStitch KwiKnotTM медициналық мақсаттағы бұйымдар партиясын жасап шығарды.

Арнайы шақырылған қонақ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ Президенті Шигео Катсу мырза HeartStitch KwiKnotTM медициналық құрылғысының бірінші партиясына «Қазақстанда жасалған» белгісін жабыстырды.

HeartStitch KwiKnotTM медициналық құрылғысы криптогендік инсульт немесе бас сақинасының ауыр түрімен ауырған науқастарға ашық сопақша терезені транскатетерлік тігу бойынша серпінді жобаның маңызды бөлігі болып табылады. Бұл құрылғы интервенциялық кардиологтарға жүректің жанындағы тіндер үшін қауіпсіз болып табылатын пролипропилен түйінінің көмегімен қашықтықтан тігіс жасап, оны мықтап байлауға мүмкіндік берді.

Бірінші партияның өндірісі үшін «Educated Medical Solutions» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірудің халықаралық талаптарына сәйкес таза және өндіріс орындарын жабдықтармен қамтамасыз етті. Компания өзінің инженерлері мен монтажшыларын Калифорния қаласындағы, АҚШ, HeartStitch Inc. өндірістік алаңында толығымен оқытты.

HeartStitch KwiKnotTM құрылғысының алғашқы партиясы қауіпсіздік және болашақта пайдалану үшін жарамдылығын тексеру мақсатында Америка Құрама Штаттарындағы сынақ зертханасына жіберілді.