Назарбаев Университетінің студенттеріне арналған шетелдегі Нью-Йорк мемлекеттік университеті (SUNY) Баффало университетінде оқытудың жазғы бағдарламасы

Көктемде Назарбаев Университеті Баффало Университетінің (Нью-Йорк, Америка Құрама Штаттары) жазғы семестрінде оқыту үшін Инженерия мектебінің (ИМ) және Ғылым және технологиялар мектебінің (ҒТМ) үздік студенттерін таңдады. Нәтижесінде, ең үздік 38 оқушы (17 Инженерия мектебінен және 21 Ғылым және технологиялар мектебінен) Баффало қаласында арнайы бағдарлама тыңдаушылары болды.

1,5-айлық бағдарлама уақыт аралығында, студенттер зертханалық сабақтармен 2-3 пәнді оқып үйренеді,  АҚШ кампусында өмір сүрудің бірегей тәжірибесін және АҚШ мәдениеті туралы түсінік алады. Мәдени бағдарлама барысында Баффало қаласының көрікті жерлерін көру, әлемге әйгілі Ниагара Фолс Ұлттық саябағына бару және Баффало Биссон бейсбол ойындарына баруды қамтиды.

Баффало университеті – Американдық университеттер қауымдастығының мүшесі, Нью-Йорк мемлекеттік университеттер жүйесіндегі жетекші мекеме және SUNY жүйесінің 64 университеті арасында ең үлкен және әртүрлі кампустары бар мекеме болып табылады.

Қазіргі таңда, Назарбаев Университеті мен Баффало Университеті ғылыми-зерттеу, тәжірибе алмасу және студенттермен алмасу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі талқылауда.

Назарбаев Университетінің үздік студенттері үшін АҚШ-та жазғы жазғы бағдарламалар және Қытайдағы жазғы мектептер бар екенін естеріңізге сала кетейік. Бағдарламалардың, шарттары мен сынақтардың жиынтығы жыл сайын бағдарламаға байланысты өзгереді және университеттің оқушыларына хабарланады. Бұдан басқа, Назарбаев Университетінің студенттері Erasmus + бағдарламасына сәйкес бір семестрге алмасу мүмкіндігіне ие бола алатынын хабарлаймыз.