Назарбаев Университетінің студенттері «Жыр – Семсер, Күй – Құдірет, Өлең – Өрнек» атты музыкалық кеш өткізді

Назарбаев Университетінде 2018 жылдың 5-сәуірінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Махамбет Өтемісұлының, Құрманғазы Сағырбайұлының және Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Жыр – Семсер, Күй – Құдірет, Өлең – Өрнек» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Назарбаев Университетінің ГӘҒМ, ҒТМ, ИМ-ның 2-4 курс студенттері Самал Акинова, Аида Амантаева, Эльдана Бақытжан, Ақниет Дінсислам, Дархан Қалымтаев, Әділбек Камиев, Динара Халелова, Мадина Кушукова, Индира Макажан, Аяулым Маратова, Қуандық Мақсутов, Нұржамал Сәдір, Жасұлан Сайлау, Фазыл Токанов, Жанат Жеңісбекова, Айсұлу
Жолдаспекова, Айбек Кукпаев, Елшат Макаров, Жансая Раимова «Махамбет – Ұлы Даланың өр рухы», «Қазақ халқының ұлттық болмысы – Құрманғазы күйінде», «Ана ұлылығы» атты театрланған қойылымдарын ұсынды және Құрманғазының күйлерін НУ оркестрінің өкілдері келістіре орындады.

– Қазақ халқының ұлы тұлғаларына арналған іс-шаралар жастардың бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді, – деп бағалады Назарбаев Университетінің Рухани жаңғыру мәдени орталығының директоры Құрманбай Гүлтас Сайынқызы.

Назарбаев Университетінің Рухани жаңғыру мәдени орталығының басшылығымен студенттердің ұйымдастырған іс-шараға Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, депутаттар, ақын-жазушылар, журналистер, өнер адамдары, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары және мектеп басшылары, мұғалімдері қатысты.