Назарбаев Университетінің студенттері Висконсин Мэдисон университетінде жазғы семестрді өткізді

2018 жылғы 12 тамызда Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің 14 үздік үшінші курс студенттері Назарбаев Университетінің қаражаты есебінен Висконсин Мэдисон университетінде (УВ-Мэдисон) АҚШ өткізілген шетелдік студенттерге арналған сегіз апталық бағдарламаны (VISP) аяқтады.

VISP бағдарламасы барысында студенттер осы жазда Висконсин Мэдисон университеті ұсынған көптеген пәндер арасынан таңдап алынған 2-3 пән бойынша білім алды және 6-дан 9-ға дейін кредит жинады. Сабақтардан басқа, бағдарлама тарихи және мәдени орындарға баруды қамтыды. Студенттер штат бойынша сапар шегіп, Чикагоға (Иллинойс) барды, Девилс өзені бойында от жағып, шатырда түнеді. Назарбаев Университетінің студенттері Висконсин Мэдисон Университетінің студенттерімен өзара байланыс орнатып, оларға қазақ және орыс тілдерін үйренуге көмектесті.

Атап айтқанда, жоғары деңгейлі және әлеуметтік белсенді студенттер шетелде оқу бағдарламаларына (АҚШ-та жазғы семестр), студенттермен алмасу (соның ішінде Эразмус + бағдарламасы бойынша), сондай-ақ басқа да академиялық және мәдени бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне ие болды.