Назарбаев Университетінің студенттері ардагерлерге көмектеседі

NU Red Crescent Society студенттік клубы Назарбаев Университеті студенттерімен және Астана қаласының еріктілерімен бірге әр демалыс күндері ҰОС ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне көмек көрсетеді. «Жеңіс» бағдарламасына қатысқан екі жылдың ішінде еріктілер тек ардагерлерге ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар қарттар үйінде тұратын жалғыз әжелер мен аталарға да көмек көрсете білді. Жоба мен ерікті қаржыландырудың арқасында әр адам ардагерлермен кездесу, оларға қамқорлық жасау, алғысын білдіру және көмек көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Демеушілер ардагерлерге азық-түлікті, дәрі-дәрмекті және үйді жөндеуге қажетті материалдарды сатып алуға қаржылай көмек көрсетеді. Ал студенттердің міндеті: осы өнімдерді ардагердің үйіне жеткізіп беру, ардагердің үйіне бару және қажет болғанда үйін жинастыру болып табылады.

Назарбаев Университетінің студенттері барлық ниет білдіргендерді жобаға қатысуға шақырады және ардагерлер мен қарт адамдарға көмектесуді сұрайды.
NU Red Crescent Society еріктілерімен әлеуметтік желі және электрондық пошта немесе телефон арқылы ұйымдастырушылармен хабарласуға болады.

e-mail: red_crescent@nu.edu.kz
instagram: nu_red_crescent
Ұялы телефон: +77752737414