Назарбаев Университетінің студенттері Ұлттық Банк байқауының жеңімпазы болды

Бүгін Назарбаев Университетінің студенттеріне Қазақстан Ұлттық Банкі өткізген байқауда ұсынылған зерттеу жобалары бойынша 1-ші және 3-ші орынға ие болғандары үшін  атаулы стипендиялар берілді. Жеңімпаз командалар Қазақстандағы алтын нарығы мен қаржы нарығының бәсекеге жарамдылығы жөніндегі жұмыстарын қорғады. Стипендияларды ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Данияр Акишев табыс етті.

Бірінші орын алған команда жюри алдына «Қазақстан Республикасының алтын нарығы. Проблемаларды талдау (заңдық, әкімшілік, салық және стратегиялық сипатта), перспективаларды бағалау және алдағы даму жолдары» атты жобасын ұсынды. «Өз жұмысымызда біз алтын нарығын, оның ішінде алтын кен орындарын барлау, өндіру және  өңдеу мәселелерін қарастырдық. Мысалы, бүгін Қазақстанда алтынды өңдеумен айналысатын зауыттар аз. Сонымен қоса, адал емес өңдеушілерден сақтанып, тәуекелдерді қалай азайтуға болады деген мәселе алда тұр», – дейді жобаның серіктес авторы Карина Түсіпова. 309 000 сомасындағы стипендия команданың үш мүшесінің арасында бөлінді.  Сонымен қоса студенттерге тантал мен күмістен жасалған Ұлттық банкінің 500 теңге номиналды ескерткіш монетасы сыйға берілді.

Үшінші орын алған команда «Қазақстан қаржы нарығының ДСҰ және БЭК кеңістігіндегі ықпалдасу жағдайында бәсекеге қабілеттілігі» жобасын дайындады. «Біз өз жұмысымызда ықпалдасудың қаржы нарығымызға, атап айтқанда, сақтандыру нарығына, банктер жұмысына, құнды қағаздар нарығына қалай әсер ететінін қарастырдық. Ықпалдасуға  байланысты тәуекелдер бар, сондықтан өз нарығымызды қорғау үшін оларды ескеру керек», – дейді жобаның серіктес авторы Әлия Усинова. Үш адамнан құрылған команда 100 000 теңге сомасында атаулы стипендия алды.

Стипендияларды салтанатты табыс ету рәсімінде ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Данияр Акишев айтқандай, байқауға Қазақстандық 20 жоғары оқу орындарынан командалар қатысты. Жартылай финалға алты жұмыс өтіп, олардың екеуі плагиатқа тексеруден өтпей қалды. «Бірінші мен екінші орын алған командалар  жобаларының тақырыптары бір болғандығын атап айтқым келеді. Сондықтан жюри соңғы шешімін жобаларды қорғауда қабылдады. Жеңіске ие болған команда жобасын лайықты деңгейде қорғап, барлық қосымша сұрақтарға жауап бере алды», – деп атап айтты Данияр Акишев.

Оның айтуы бойынша, байқауға қатысушыларға ұсынылған барлық тақырыптар Қазақстанның қаржы нарығы мен еліміздің Ұлттық Банкі үшін өзекті болып саналады. Байқауға қатысушылар жинаған деректер мен жобада берілген ұсыныстар Ұлттық Банктің ағымдағы зерттеулерінде қолданылады.

Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)706090, 706087, 706089, 706131
pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz