Назарбаев Университетінің студенттері студенттік пікір-сайыс бойынша Еуропа Чемпионатының плей-оффына кірді

Тамыз айында Сербияда ХХ еуропалық университеттер арасындағы “European Universities Debating Championship” пікір-сайыс чемпионаты өтті. Жарысқа отыз елден астам университеттерінен 200 командалары қатысты.

Дәурен Биназаров және Әйгерім Шадееваның құрамындағы Назарбаев Университетінің “Номад” студенттік пікір-сайыс клубының командасы өте жақсы нәтижелер көрсетті және тарихтағы ESL (English as a Second Language) ширек финалына дейін жеткен бірінші қазақстандық командасы болды.

Турнирде “Номад” клубы бес командаcын ұсынды: Малика Мамирова және Талғат Омаров, Гүльназ Табынбаева және Дәулет Тегінбаев, Виктория Цой және Нұржан Онашабай, Әділет Ақжолов және Әлішер Джузгенбаев, Шәдеева Әйгерім мен Дәурен Биназаров.

Судьялар ретінде Назарбаев Университеті атынан Тұрғали Дана, Ақназар Әли мен Ибадулла Әсел қатысты жыне Олжас Абдухамитов волонтер ретінде.