Назарбаев Университетінің студенттері – спорттық турнирлердің жеңімпаздары

2017 жылы Назарбаев Университетінің студенттері ұлттық және халықаралық спорт жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Футболдан студенттердің ерлер құрама командасы FFA Astana Students’ лигасында бірінші орынға ие болды және Қытайдың Хоннот қаласында Silk Way International Football Cup турниріне қатысты, ал әйелдер құрама командасы футзал бойынша елордалық универсиадада үшінші жүлделі орынға ие болды. Ерлер мен әйелдердің құрама командалары баскетболдан «Назарбаев Университеті Кубогы» спорттық турнирінде үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің чирлидерлер командасы бірнеше рет республикалық және қалалық жарыстардың чемпиондары атанды.

2017 жылы джиу-джитсудан үш қазақстандық және «Nottingham International Open», «Abu-Dhabi Grand Slam World Tour» атты екі халықаралық жарыстарда жеңіп шыққан Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебінің 2-курс студенті Мөлдір Мекенбаева жарқын өкілдердің бірі болып табылды.  

Студенттік істер жөніндегі департаменттің директоры Бекжанов Асхаттың айтуынша, дене шынықтыру сабақтары міндетті оқу пәні ретінде жүргізілмесе де, Назарбаев Университеті студенттердің спортпен айналысуы және түрлі спорттық жарыстарға қатысуы  үшін ең қолайлы жағдайлар жасап отыр. Қазіргі кезде Университетте 9 ұлттық құрама және 29 спорт клубтары жұмыс істейді.

2013 жылдан бастап Назарбаев Университетінің кампусында жалпы ауданы 6700 шаршы метр заманауи екі қабатты спорт орталығы жұмыс істейді. Мұнда түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудың әлемдік стандарттарына сәйкес келетін түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Спорт орталығында футбол, волейбол, теннис, йога, фитнес, би, күрес, бокс, баскетбол спорт түрлеріне арналған залдар орналасқан. 2016 жылы баскетбол залы арнайы кәсіби жабындымен жарақтандырылды.

Сонымен қатар, 2018 жылы жалпы ауданы 14000 шаршы метрден тұратын, бассейні және үлкен теннис, сквош, үстел теннисі, семсерлесу, жекпе-жек, ​​садақ ату сияқты жаттығуларға арналған аумағы кең, жаңа студенттік спорт кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар  спорт кешенінде ойын бөлмесі, құз қабырғаға көтерілу, сондай-ақ 5 жаттығу залы жұмыс істейтін болады.