Назарбаев Университетінің студенттері Shell Eco-Marathon Аsia-да орталық Азияның атынан қатысатын болады!

Біз “Nazarbayev University Research and Innovation System” ЖМ және “Шелл Қазақстан” қолдауымен Назарбаев Университетінің студенттері жыл сайын өтетін “Shell Eco-Marathon Аsia” халықаралық конкурсында алғаш рет Қазақстанның ғана емес,Орталық Азияның атынан қатысатынын қуана хабарлаймыз!

Shell Eco-Marathon – бұл ультра-энерготиімді автомобильдерді әзірлеу, құрастыру, тестілеу және басқару үшін дүние жүзінің студенттер топтарын қатысуға шақыратын халықаралық конкурс.

Конкурста қатысушыларға отынды ең көп үнемдейтін арнайы автомобильдер жобалау және құрастыру қажет. Жеңімпаз автомобилі ең үлкен қашықтықты ең аз отын мөлшерін тұтыну арқылы жүріп өткен топ болады. Конкурс 2018 жылы наурыз айында Сингапурде өтеді. 

 
Топ жетекшісі – Инженерия мектебінің профессоры Michael Yong Zhao, кафедра меңгерушісі Soo Lee Teh, Инженерия мектебінің оқу бөлімі бойынша декан орынбасары Sai Fok.

Топты құттықтаймыз және жеңіс пен жетістік тілейміз!

 
 
Біз сіздермен соңғы жаңалықтармен бөлісетін боламыз, әлеуметтік желілердегі Astana Business Campus ресми парақшаларының жаңалықтарын қадағалаңыз!