Назарбаев Университетінің студенттері математика бойынша ХХI халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша бір күміс, екі қола жүлдеге ие болды.

Назарбаев Университеті студенттерінің командасы 2014 жылғы 29 шілде мен 5 тамыз аралығында Благоевград қаласында (Болгария) өткен, әлемнің 51 елінен келген 73 команда атсалысқан математика бойынша ХХI халықаралық олимпиадаға қатысты. Бұл олимпиада ең жоғары беделге ие болған студенттерге арналған халықаралық математикалық олимпиадалардың бірі болып табылады.  Олимпиадаға әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінен (Мәскеу Мемлекеттік Университеті, Бонн университеті, UCL, Геттинген университеті, және т.б.) келген ең үздік студенттер қатысты. Олимпиада екі кезеңмен өтті, олардың әрбіреуі бес сағатқа созылды. Қорытындысында Назарбаев Университеті студенттерінің командасы бір күміс, екі қоланы қанжығасына байлады және екі студент құрмет грамоталарын алды.