Назарбаев Университетінің студенттері Латвияның Рига қаласындағы Стокгольм экономика мектебінің 19-шы Еуропалық университетаралық турнирінің жеңімпаздары болып атанды

2017 жылғы 9-10 желтоқсанда Латвияның  Рига қаласында Стокгольм экономика мектебінде кәсіпқойлар үшін де, сондай-ақ жаңадан бастаушылар үшін де жарыстар алаңына айналған 19-шы Еуропалық университетаралық турнир өткізілді. Турнир қатысушылардың 7 минуттық баяндамалары ұсынылған  бес раундтан және Жаңадан бастаушыларға арналған финал мен EFL финалы ( ағылшын шет тілі ретінде) сияқты  екі финалдан тұрды.

Назарбаев Университетінің  «Номад» пікірталас клубының студенттері  Еуропалық университетаралық турнирге  екінші рет қатысып отыр және Милана  Мукиева мен Әлішер Жүзгенбаев биыл алғаш рет EFL финалының жеңімпаздары болып атанды.

Сонымен қатар, Астананың пікірталас қоғамдастығы ұйымдастырған, ең маңызды қала турнирлерінің бірі болып табылатын Жаңадан бастаушыларға арналған турнирде  «Номад» клубы тарихта алғаш рет 6 кубоктың ішінен 5 кубокты жеңіп алды. Биыл Жаңадан бастаушылардың турнирін өткізу орны болып Назарбаев Университеті таңдап алынды. Турнирге үш тіл лигасында 6 пікірталас клубы қатысты: қазақ лигасында 36 команда, ағылшын лигасында 24 және орыс лигасында 12 команда.

Қазақ лигасында Зарина Жүнісова және Сүлеймен Еркінов чемпион болып атанды, ал Жақсылық Оғланбеков және Әсет Жұматай финалға шықты. Гүлназ Жамбылова турнирдің екінші үздік спикері болып танылды.

Ағылшын лигасында үздік спикер кубогын Яссауи Қайнолда жеңіп алды және оның Дана Төленовамен командасы Жаңадан бастаушыларға арналған турнирдің кубогына ие болды. Маржан Қабжасарова,  Дана Әубәкірова, Бексұлтан Кемел, Шынар Ахметова,  Нұржан Зейнолла және Рүстем Халихан қатысқан  «Номад» клубының үш командасы финалға шықты.

Орыс лигасында Жаңадан бастаушыларға арналған турнирде Шыңғыс Сапарбек және Дарина Қожахметова жеңімпаз атанды және Шыңғыс үздік спикер болып танылды. Сонымен қатар  Рүстем Тортаев пен Евгений Лухманов турнирдің финалына шықты.

Назарбаев Университетінің студенттерін құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз!